ЕҚДБ Air Astana әуе компаниясының 5% акциясын сатып алды

Жарияланды
Шығарушы редактор
ЕҚДБ
ЕҚДБ «Эйр Астананың» 5% акциясын сатып алды. Фото: shutterstock

Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) Air Astana IPO-сы барысында әуе компаниясының акциясына $42 млн инвестициялады. Нәтижесінде банк әуе компаниясының 5 пайыз акциясына иелік етеді. Бұл туралы Air Astana баспасөз қызметі хабарлады.

«ЕҚДБ сияқты ойыншының компания акционері қатарына қосылуы – инвесторлар үшін өте жақсы жаңалық. Өйткені біз ең жоғары рейтинг – AAA рейтингіне иеміз. Бұл инвесторлар үшін тұрақтылық пен тартымдылық факторы ретінде өте жақсы әсер етеді», – деді компанияның баспасөз қызметі.

ЕҚДБ стратегиялық мақсаты банктің мақсатымен сәйкес келетін компанияларға инвестиция салатынына назар аударды. Осы орайда ЕҚДБ «Эйр Астананы» қазақстандық қана емес, аймақтық тасымалдаушы ретінде дамытудың маңызын атап өтті.

«Сонымен қатар компанияда декарбонизация мәселесі бойынша жұмыс істейміз. 2023 жылдан бастап ЕҚДБ-ның бүкіл несиесі мен инвестициялары Париж келісімінің ережелеріне сәйкес келуі тиіс. Біріншіден, 2029 жылға қарай 80-ге дейін жаңа ұшақ сатып алынады. Олар отын шығыны бойынша 20% үнемді болады. Air Astana да көміртекті бейтарап компания болғысы келеді. Ал ЕҚДБ бұл мәселеде үлкен тәжірибесі бар, біз «Эйр Астанаға» көмектесеміз», – деді ЕҚДБ баспасөз қызметі.

Банк «ҚазМұнайГаз» және «Эйр Астана» компаниясымен Орталық Азияда тұрақты авиациялық отын (SAF) өндірісі мен пайдалануын арттыру бағытында жұмыс істеп жатқанын қосып өтті.

9 ақпанда Air Astana IPO барысында өтінім кітабын жинақтауды аяқталғанын хабарлады. Air Astana акцияларының орналастыру бағасы 1 ғаламдық депозитарлық қолхат (ҒДҚ) үшін – $9,5 және қарапайым акция үшін 1 073,83 теңге (ҰБ ресми бағамына сай) деп белгіленген.

AIX бирасына негізгі акционерінің бірі – BAE компаниясы сатқан 7,5 млн ҒДҚ шығарылды. AIX пен KASE алаңына эмитент пен «Самұрық-Қазына» қоры сатқан 60,4 млн акция орналастылған.

Ал жаһандық нарыққа BAE компаниясы сатқан 14,2 млн ҒДҚ ұсынылған.

Жария орналастыру барысында шамамен 350 миллион доллар (салық пен шығынға дейін) немесе артық бөлу опциясы толығымен орындалса, 370 миллион доллар тартылады. Оның шамамен 120 миллион доллары өсу стратегиясын қолдауға бағытталмақ. Бұған дейін ІPO-дан $300 млн тарту көзделіп отырғаны хабарланған.

IPO нәтижесінде қазір компанияның 51% акциясына иелік ететін «Самұрық-Қазына» қорының үлесі 41% төмендейді. Ал BAE компаниясының иелігінде 15,3% акциясы қалады.

Сондай-ақ оқыңыз