Сауда министрлігі жұмыртқаның шекті бағасын енгізуді ұсынды

Жарияланды (жаңартылды )
Сауда министрлігі жыл соңына дейін жұмыртқа бағасын бекітуді ұсынды/Фото: shutterstocks

ҚР Сауда және интеграция министрлігі жыл соңына дейін бағаны белгілей отырып, 1-санаттағы жұмыртқа бағасын тұрақтандыру жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумның талаптарын талқылап жатыр. 

«Сауда комитеті Құс өсірушілер одағының және еліміздің жұмыртқа өндірушілер қауымдастығының басшыларымен, сондай-ақ құс фабрикаларының басшыларымен баға орнату мәселелерін және жұмыртқа бағасын тарифтік емес реттеу шараларын талқылады»,  – делінген хабарламада.

2023 жылы 30 қарашада Қазақстан құс өсірушілер одағы және жұмыртқа өндірушілер ассоциациясымен бағаның өсуіне жол бермеу туралы меморандум жасалған болатын.

Аталған шара маусымдық қымбаттау кезеңінде жұмыртқа бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік береді.

Еске сала кетсек, елімізде тауар нарығында жұмыртқа сататын делдалдар көбейген деп хабарлаған едік. Қазақстанда өңірлік тауар нарықтарының шекарасында 34 негізгі құс фабрикасы жұмыс істейді.

Мәліметке сәйкес, елімізде 2022 жылы жұмыртқа өндіру көлемінде (+4,2%). Экспорттың (+0,2%) оң серпіні және импорттың 2,4% – ға қысқаруы байқалды. Бұл ретте 2023 жылы өндіріс көлемінің (-2,1%). Экспорттың (-17%) төмендеуі және импорттың (+50% – дан астам) ұлғаюы анықталған болатын.

«Импортталатын премикстердің, ветеринарлық препараттардың, орауыш материалдардың қымбаттауы 2023 жылы тауық жұмыртқасы бағасының 13%-ға өсуіне себеп болды»,– делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстанда азық-түлік бағасы айтарлықтай өсті деп жазған едік.

Қазақстанда тұтыну бағаларының индексі бойынша 2024 жылғы қаңтарда 1,1% болды. Қаңтарда азық – түлік айтарлықтай қымбаттады. Қымбаттаған азық-түлік қатарына жұмыртқа 5%-ға, ал банан 6,7%-ға өсті. Жалпы, екі өнімнің бағасы жиі өседі. Бұл туралы DataHub телеграм арнасы хабарлады.

«Жұмыртқа бағасы маусымдық негізде өседі. Ал банан бағасы жыл мезгіліне қарамастан әрдайым өзгеріп отырады. Алайда қаңтар айындағы банан бағасының күрт өсуі еліміз импорттайтын Эквадордағы тұрақсыз саяси жағдай әсерінен болуы мүмкін»,  делінген хабарламада.

Сонымен қатар Сауда министрлігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына «онлайн мониторинг» жүргізбек деп хабарлаған болатынбыз.

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев министрліктің азық-түліктің шекті бағасына қалай мониторинг жүргізетінін айтып берген болатын.

Сондай-ақ оқыңыз