Жаңалықтар

Илон Маск Tesla компаниясындағы үлесін бір жарым есеге арттырды

Илон Маск Tesla компаниясындағы үлесін бір жарым есеге арттырды / Reuters/Aude Guerrucci

Илон Маск өзінің Tesla компаниясындағы үлесін тағы да бір жарым есеге арттырды. Бұған дейін миллиардер шамамен 13% акцияға ие болған.

Business Insider ақпаратына сүйенсек, қазір ол Tesla-ның 20,5%-на иелік етеді. Масктың қазіргі үлесі 120 миллиард доллардан астам қаржыға бағаланған. Қаңтар айында миллиардер Tesla акцияларының кем дегенде 25%-ын алуды қалайтынын айтқан.

Ақпарат АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясына берген құжатта көрсетілген. Қазір миллиардерге компанияның 411,06 миллион қарапайым акциясы, сондай-ақ 303,96 миллион акцияны сатып алуға опциондар тиесілі. Маск опциондарды 2023 жылдың 31 желтоқсанынан кейін 60 күн ішінде жүзеге асыра алады. 

Миллиардердің бұл әрекеті әсерінен Tesla акциялары 15 ақпандағы сауда-саттық қорытындысы бойынша 6,22% өсіп, қарапайым акция үшін 200,45 долларға дейін көтерілді.

Осыған дейін Илон Маск өзінің Tesla-дағы үлесін 25%-ға арттырғысы келетінін жазған едік. Бұл туралы ол өзінің Х әлеуметтік парақшасында жазған. 

Маск қазіргі дауыс үлесіне көңілі толмайтынын мұндай дауыс үлесімен компанияға жасанды интеллект пен робототехника төңкерісін жасау «ыңғайсыз» екенін айтқан. 

«Мен Tesla-ны жасанды интеллект пен робототехниканың көшбасшысы ретінде дамытуды 25% дауыс үлесімен жүзеге асыруды ыңғайсыз деп ойлаймын. Бұл дауыс көлемінің бірнәрсеге әсер етуге күші жетеді, бірақ мені орнымнан құлатуға жеткілікті», – деді Маск

Ол компаниядағы үлесі 25 пайызға жетпесе, өзінің Tesla-дан тыс өнімдер шығарғысы келетін ойымен бөліскен. Маск Tesla-ның бір ғана стартап еместігін, ол жерде ондаған стартапты дамытуға болатынын атап өткен.

Жалпы, Tesla кәсіпорнын ашуға сол аймақтағы біраз елдер үмітті екенін айтқан едік.  2023 жылдың қыркүйегінде Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған компанияның бас директоры Илон Маскпен кездесіп, зауыт салуға қолқа салғаны туралы ақпарат тарады. Кездесу барысында экономика, жаңа технологиялардың жай-жапсары сөз болып, саясаткер миллиардерді Түркияда жетінші Tesla электромобиль зауытын ашуға шақырды.  

Сонымен бірге зауытты өз елінен аштыруға Сауд Арабиясы да мүдделі. The Wall Street Journal басылым, америкалық Tesla компаниясымен Таяу Шығыс елінде өндіріс орнын салу туралы келіссөздер жүргізіп жатқанын жазған болатын. 

Ал Маск өз кезегінде Нью-Йоркте Ердоғанмен кездесуінде көптеген түрік жеткізуші фирмаларының Tesla-мен жұмыс істейтінін мәлімдеді. Сондай-ақ Түркияның компанияның келесі зауытын салуға негізгі үміткерлердің бірі екенін атап өтті.