Банк пен қаржы

ЕҚДБ 2023 жылы Қазақстанға 300 млн еуро инвестиция салған

Қазақстанға

 Еуропалық қайта құру және даму банкі 2023 жылы Қазақстанға 330 млн еуро инвестиция салған. Осы қаражатқа 21 жоба қаржыландырылған. ЕҚДБ директорының Қазақстан бойынша орынбасары Асқар Намазбаевтың айтуынша, бұл соманың 90%-дан астамы жеке сектор клиенттеріне тиесілі.

2013 жылы ЕҚДБ-дан 2000 кәсіпорын консультациялық жобалар түрінде жеке қолдау алған. Жобалардың 70%-ы өңірлерде орналасса, соның ішінде 15%-ы – ауылдық кәсіпорындар. Консалтинг нәтижесінде шағын және орта компаниялар 10 мың жаңа жұмыс орнын ашқан.

ЕҚДБ-ның Орталық Азия мен Моңғолиядағы консультациялық қызметтер бағдарламасының басшысы Симоне Зе Атанасовски Қазақстанда Банк алғаш рет әйел кәсіпкерлерге арналған менторлыұ бағдарланы іске қосқанын айтты. Сондай-ақ иннвациялық стартаптарды қолдайтын Star Venture бағдарламасы жұмыс істей бастаған. Алдағы уақытта ЕҚДБ-ның «Бизнестегі жастар» бағдарламасы іске қосылмақ.

«Бағдарламалар қаржылық және қаржылық емес қолдау құралдарын қамтиды. Олар бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған әрі кәсіпорындардың қарқынды дамуының катализаторы болып табылады. Бұнымен қоса, бизнестің кең ауқымды өзекті қызметтерін көрсету үшін білікті және құзыретті кеңесшілердің қуатты резерві құрылды», – деді Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов.

Еуропа қайта құру және даму банкі мен Shinhan Bank Kazakhstan «Атакент» іскерлік орталығына 3 млрд теңге қарыз берген, Бұл қаржыға әлемдік деңгейдегі спорт нысаны салынады. Қос банк берілген несие тәуекелін бірлесіп көтереді. 

3 млрд теңге несиеден бөлек, энергия үнемдейтін шешімдерді енгізуге $172,2 мың көлеміндегі ЖЭҚ гранты бөлінді.

ЕҚДБ қазір Қазақстанда тәуекелдерді бөлісу бойынша жалпы құны 7,4 млрд теңгені құрайтын 9 транзакцияға қатысып отыр. Тәуекелді серіктес банктермен бөлісе отырып, ЕҚДБ жергілікті ШОБ-ты несиелеу мүмкіндігін арттырады. Сондай-ақ, банктерге тәуекелдерді қабылдау қабілетін арттыру, капиталды жеңілдету және тәуекелдерді басқаруды жақсартуға көмектеседі.

Бұған дейін банк Көкшетаудағы аурухана құрылысына 110 млн еуро қарыз беретіні белгілі болды.