223 жылы жеке сот орындаушылары 418 млрд теңге өндіріп алды: Қазақстан қанша адамның есепшоты бұғатталған?

Жарияланды
Шығарушы редактор
бұғатталған

Қанша жеке тұлғаның шоты бұғатталған? Коллажа kursiv.media

Қазақстан банктерінде 149,4 млн шот ашылса, соның 38,5 миллионы бұғатталған. Бұл мәселеге бірінші болып экономист Марат Қайырленов көңіл аударды. «Ұлағат Консалтинг» компаниясының зерттеуінде «әрбір төртінші жеке тұлғаның шотына шектеу қойылғаны» жазылған. Осы орай да «Курсив» мемлекеттік органдарға сауал жолдап, деректерді нақтылап көрді.

Заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың қанша шоты бар?

Мемлекеттік кірістер органдарының дерегі бойынша, Қазақстанда тіркелген 426 642 заңды тұлғаның 1 294 610 банктік шоты бар. Соның ішінде 2023 жылы 2,2 млн шот бойынша кіріс-шығыс операциялары тоқтатылған. Ұлттық банктің дерегі бойынша, жеке тұлғалардың ЕДБ-де ашқан шоттарының саны 149,4 млн құрайды.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры да қазақстандықтар 149,4 млн есепшот ашқанын хабарлады. Кепілдік беру жүйесіне ислам банктерін қоспағанда, 19 банк клиенттері қатысады. Ағымдағы шоттардағы жалпы қаражат сомасы 7,08 трлн теңге болса, оның 2,51 трлн теңгесі жеке тұлғаларға тиесілі.

Бұл жерде жеке тұлғаның әртүрлі банктер бірнеше шоты болуы мүмкін екенін ескеру қажет. Әділет министрлігінің жауабында 1 заңды тұлғаның 65 шоты, жеке тұлға 28 шот иеленгені жазылған.

Қанша шотқа арест қойылды?

Әділет министрлігінің мәліметінше, 2023 жылы 39 млн аса ағымдағы шотқа тыйым салынған. Соның ішінде 38,5 млн – жеке тұлғалардың шоты. 2022 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 2,7 есе өскен (жеке тұлғалардың 14,1 млн. шоты бұғатталған). Ал 2021 жылмен салыстырғанда, бірден 4 есе артқаны байқалады 2020 жылы 6,6 миллион жеке шотқа шектеу қойылған. Ал заңды тұлғалардың 540 698 шотына арест қойылған.

Қаржы мекемелері борышын 3 айдан артық төлемей жүргендерден қарызды өндіріп алуды коллекторларға тапсырады. Коллекторлар келісімге келе алмаса, атқарушылық іс қозғалып, жеке сот орындаушылары араласады. Жеке сот орынаушылары республикалық палатасының дерегі бойынша, 2023 жылы борышкерлердің 18,7 млн шотына арест қойылған. Соның 143 193-і заңды тұлғаларға тиесілі.

Палата дерегінде 11,2 млн аса жеке тұлғаның бірнеше шотына арест қойылған. Шоттары бұғатталған заңды тұлғалардың қатары 9,4 мыңнан асады.

2023 жылы жеке сот орындаушылары арест қойылған 1,8 млн шот бойынша істі жапқан. Ал 2021-2022 жылдары олардың қатары 1,6 млн асқан.

«Банк шоттарына тыйым салу – сот орындаушысының берешекті өндіріп алуда жүргізетін алғашқы уақытша шараларының бірі. Мысалы, азамат немесе заңды тұлға басқа біреуден қарыз алып, оны қайтармаса, сотқа жүгінеді. Егер сот оның пайдасына шешім шығарса, онда берешекті өндіріп алу туралы атқару парағы жеке сот орындаушысына өтеді. ЖСО үш жұмыс күні ішінде іс қозғау және уақытша шараларды, оның ішінде борышкердің ақшасы мен банктердегі мүлкіне тыйым салуға міндетті. Іс жеке сот орындаушысына өтсе, шотқа мінетті түрде арест қойылады. Борышты мәжбүрлеп өндіріп алу барасында аресттен басқа да шаралар қолданылады. Іс жеке сот орындаушының қолына түссе, қарызды ғана емес, өніріп алушы қызмет ақысын төлеуге тура келеді», – дейді республикалық палата.

Палата жіберген жауапта 2020-20021 жылдар аралығанда арест қойылған шот санын нақты айта алмайтындары жазылған. Өйткені бұл жылдары атқарушылық өндірістің автоматтандырылған ақпаратттық жүйесі тек бірнеше банкпен біріктірілген. Қазіргі кезде жүйе 14 банкпен ақпарат алмасады.

Мәжбүрлеп орындау департаменті не дейді?

Сот орындаушыларына 2023 жылы 9,1 млн атқарушылық іс түскен. Олардың жалпы құны 12,1 трлн теңгені құраған. Ал 2022 жылы атқару өндірісінде жалпы құны 9,5 трлн теңгені құрайтын 7,8 млн іс болған. Яғни бір жылда көрсеткіш 14,82%-ға өскен. Департамент жауабында атқаруға түсетін құжат саны жыл сайын 1 милионға артатыны жазылған.

Мәселен, 2020 жылы өндірістегі іс қатары 5 млн асса, 2023 жылы 8,2 млн құрап отыр. Осы істер бойынша сот орындаушылары 2023 жылы 418 млрд теңге өндіріп алған.

Департамент мамандары арест есепшоттың өзіне емес, сол есепшотта жатқан және заң органдарының шешімімен қайтарылуы тиіс қарыз сомасына қойылатыны айтады. Одан бөлек, бір атқару өндірісі барысында сот орындаушы бірнеше шотқа ( есеп, кредит, депозит және валюталық)арест қоюы мүмкін. Мәселен, тәжірибеде бір заңды тұлғаның 65 шоты, жеке тұлға 28 шот иеленгені кездескен.

Бұл ретте бірнеше шотына арест қойылған борышкерлердің нақты санын анықтау мүмкін емес. Автоматтандырылған ақпараттық жүйе дерегі бойынша, бір борышкерге қатысты 1 мыңнан аса атқарушылық іс қозғалған жайт кездеседі. Атқару жазбасы бойынша қарыз өндірушілер көбіне – микроқаржы ұйымдары мен коллекторлар. Олар бір атқару жазбасын бірнеше рет жіберіп, қайтарып алып отырады. Ал атқарушы құжаттың қайтарылуы – борышкерден мәжбүрлеп өндіріп алу ісі тоқтады деген сөз емес. Атқарушылық іс архивінде арест сақтаулы тұрады.

2024 жылы сот орындаушылары 2,8 млн есепшотты арестен шығарған. Оның ішіне 2,8 млн жеке тұлғалардың шоты болса, 25 мыңы заңды тұлғаларға тиесілі. Ал былтыр жеке тұлғаларға тиесілі – 26,5 млн шот, ал заңды тұлғалардың 420 мың есепшоты арестен шығарылған.

Қаржы мониторингі агенттінің берген жауабына сәйкес, Қазақстанда 261 жеке және заңды тұлғаның дүние-мүлкіне арест қойылған.

Сондай-ақ оқыңыз