Twitter-дің бұрынғы топ-менеджерлері компанияның қазіргі басшысы әрі иесі миллиардер Илон Маскты сотқа берді.
Reuters ақпаратына сүйенетін болсақ, төрт адам төленбеген жалақысын талап етіп отыр. Оның ішінде компанияның бұрынғы бас директоры Параг Агравал өздеріне 128 млн көлеміндегі төленбеген жалақыны талап етіп отыр.
Арыз берген өзге азаматтар компанияның бұрынғы қаржы директоры Нед Сегал, компанияның бұрынғы бас заңгері Виджая Гаде, және бұрынғы бас кеңесші Шон Эдгетт.
Маск Twitter-ді бақылауға алғаннан кейін, бұрынғы басшыларды жұмыстан шығарғанын айтқан. Миллиардер оларды компанияға қарсы қызмет етті деп, Twitter-ден кетуге мәжбүр етті.
Миллиардер компанияны 2022 жылдың қазан айында 44 миллиард долларға сатып алды. Кейінірек компания атауы X деп өзгерген.
Естеріңізде болса, SpaceX бас атқарушы директоры Илон Маск Twitter-ді (қазіргі – X) сатып алған кезде, оған 1 млрд доллар несие берген болатын.
Қазан айының соңында Маск Twitter-ді сатып алғасын, бірден кадрлық қысқарту жүргізді. Сондай-ақ платформада түбегейлі өзгерістер жасады. Ол қазір компанияны ең ірі акционер, техникалық директоры және атқарушы төрағасы есебінде басқарады. Мұнымен қоса, Илон Маск Tesla автомобиль өндірушісі мен SpaceX аэроғарыштық компаниясының бас директоры екені белгілі.
Жалпы, Tesla кәсіпорнын ашуға сол аймақтағы біраз елдер үмітті екенін айтқан едік. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған компанияның бас директоры Илон Маскке зауыт салуға қолқа салған. Кездесу барысында экономика, жаңа технологиялардың жай-жапсары сөз болып, саясаткер миллиардерді Түркияда жетінші Tesla электромобиль зауытын ашуға шақырды.