Жаңалықтар

Politico: Еуропалық одақ елдері арасында су тапшылығына байланысты қақтығыс болуы мүмкін

Еуропалық одақ елдерінде су тапшылығы болуы мүмкін / Фото: архив kursiv.media

Еуропалық одақ елдері арасында су тапшылығына байланысты қақтығыс болуы мүмкін. Бұл туралы Politico басылымы хабарлады.

«Су тапшылығы жылдан-жылға артып келе жатыр. Ғасыр соңына қарай жиі болатын құрғақшылық Еуроодақ экономикасының өсімін 7%-ға төмендету қаупі төніп тұр», – деп жазылған мақалада.

Сонымен қатар құжатта су тапшылығы өмірдің барлық дерлік аспектілеріне қауіп төндіретіні айтылған.

«Оның ішінде тамақ пен ауызсу, инфрақұрылым, адам денсаулығы және негізгі экономикалық қызмет бар. Бұл тәуекелдер әртүрлі салаларда болуы мүмкін. Олардың кейбіреуі секторлар арасындағы су ресурстары үшін бәсекелестікті күшейтуі ықтимал. Соның ішінде трансшекаралық су ресурстарына қатысты мүше мемлекеттердің арасындағы қақтығыстардың ықтимал қаупін қамтиды», – деп жазылған құжатта.

Еурокомиссия Еуропа үшін 36 негізгі тәуекелді анықтады

Олардың кейбіреулері қазірдің өзінде қауіпті деңгейде. Бұл тізімде су тасқыны мен құрғақшылық бар.

Кейбір Еуроодақ елдерінде сумен қамтамасыз ету мәселесі қазірдің өзінде дауларға алып келуде. Құрғақшылықтан зардап шеккен Каталония Испанияның орталық үкіметін көрші Арагоннан өзен суын бұруға көндірмекші.

Францияда өткен жылы жаңа су қоймаларын құру жоспарына байланысты мәселелер болды.

«Еурокомиссия мүше мемлекеттерді климаттың өзгеруімен күресуге дайындықты жылдамдатуға шақырды. Олардың жоспарлардан әлдеқайда артта қалғанын атап өтті. Климаттың өзгеруіне байланысты Еурокомиссия құрғақшылық, су тасқыны, орман өрттері, қатты ыстық, сондай-ақ эпидемиялар, егіннің бұзылуы және инфрақұрылымның зақымдануы сияқты табиғи апаттардың қаупі жоғары деп есептейді. Климаттың өзгеруі, ЕО-ның консервативті бағалауы бойынша, 2100 жылға қарай одақтың экономикалық өсімін 7%-ға төмендетуі мүмкін», – деп хабарлады басылым.

ЕО-дағы құрғақшылықтың жыл сайынғы зардабы 2-9 млрд еуроға тең

Еуропалық комиссияның 2019 жылғы мәліметі бойынша, Еуропалық Одақ тұрғындарының үштен бірінен астамы (38%) су тапшылығына тап болды. Құрғақшылық еуропалық экономикаға жыл сайын 2–9 миллиард еуро шығын әкеледі. Жалпы, мүше елдердің көпшілігінде жеткілікті су ресурстары бар. Бірақ құрғақшылық, әсіресе, оңтүстік және батыс Еуропа елдерінде жиілеп барады.

Бұндай қауіп Орта Азияға да төніп тұр

Орта Азияға су тапшылығы қаупі төніп тұр. Бұл туралы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумында мәлімдеген болатын. Қазақстанда суды пайдалану деңгейі төмендемесе, 2029 жылға қарай су тапшылығы болуы мүмкін.