Жаңалықтар

Биткоиннің құны 70 мың долларға жетті

Биткоин закрепился в цене более $70 тыс.
Биткоиннің құны 70 мың долларға жетті/Фото:shutterstock

 Биткоин криптовалютасы  абсолютті рекорд орнатты. Оның бағасы  70 мың доллардан асып,  Астана уақыты бойынша сағат 12:00-де сауда-саттық кезінде  71,16 мың доллар деңгейіне бірақ  жетті. Ол бір айда 50% – дан астам қымбаттады. Бұл туралы  Binance криптобиржа сайтында хабарланған.

Криптовалюта бағасы бір тәулікте   2,24% – ға өсті.

Криптовалюта туралы мәліметтер / https://www.binance.com/ru/crypto/buy/USD/BNB

Биткоиннің капиталдануы 1,38 трлн доллардан асты. Жалпы криптовалюта нарығында да белсенді өсу жалғасуда. РБК сайтының жазуынша, активтерінің көпшілігі бір апта ішінде 10-30% – ға дейін  қымбаттап,  капиталдану бойынша  топ-10-қа  кірді.

 Биткоин бағасының күрт өсуі 26 ақпанда басталды. Сол кезде ол 51 697 долларды құрады. Бұдан бұрынғы ең жоғарғы көрсеткіш 20 ақпанда 52,837 доллар болып тіркелген еді.. Екінші ірі Ethereum криптовалютасы баға белгілеулерінің өсуін көрсетіп отыр. Яғни жыл басынан бері ең жоғары баға- 4 мың долларды (тәулігіне+1,48%) көрсетті.

Қаңтар айының басында АҚШ-тың бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясы мақұлдағаннан кейін спот-биржалық қорлар (ETF) іске қосылды. Ақпан айында бір ай ішінде спот биткоин-ETF 9,5 млрд доллар  сомасына 200 мың биткоин жинады. Биткоин-ETF 21 млн бірліктегі биткоиндердің жалпы санының шамамен 1%-ын  иеленеді.

Айта кетейік, осыған дейін биткоин тарихи максимумға жеткеннен кейін төмендеді деп жазған едік. Сондай-ақ нарықтық құны әлемдегі ең танымал крипто валюта биткоиннің бағасы жыл басынан бері 50% өсті.