ЕЭК: Қазақстан бизнесті несиелеу қарқыны бойынша ЕАЭО-да көшбасшы атанды

Жарияланды (жаңартылды )
ЕАЭО-да шетел валютасындағы несиелердің көлемі артты / Фото: архив kursiv.media

Еуразиялық экономикалық комиссияның есебіне сүйенсек, Қазақстан бизнесті несиелеу қарқы бойынша ЕАЭО-да көшбасшы атанды.

Ұзақ мерзімді несиелер бойынша мөлшерлемелер жоғары

Кей елдерде заңды тұлғаларға ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді несиелер бойынша мөлшерлемелер жоғары қарқынмен өскен. Оның ішінде Армения, Қазақстан және Қырғызстан бар.

Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы несиелері бір жыл ішінде:

  • Беларусьте – 41%;
  • Қазақстанда – 24%;
  • Қырғызстан – 18%;
  • Ресей – 25% өсті.

Беларусьте шетел валютасындағы заңды тұлғалардың қарызы азайды

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде шетел валютасындағы заңды тұлғалардың қарызы да артты. Тек Беларусьте төмендеген (8%-ға).

Одақ бойынша заңды тұлғаларға берілген несиелердің көлемі төл валюталарымен есептегенде бір жыл ішінде:

  • Арменияда – 14%;
  • Беларусьте – 27%;
  • Қазақстан – 32%;
  • Қырғызстан – 31%;
  • Ресей – 25% өскен. 

Қазақстанда шетел валютасындағы несиелердің көлемі артты

«Қазақстанда шетел валютасындағы несиелердің көлемі 85% артты. Қырғызстанда – 2,1 есеге өсті»,  – деп жазылған ЕЭК есебінде.

Еске сала кетсек, былтыр мамырда ЕАЭО елдері азаматтары қазақстандық банктерден 120 млрд теңге қарыз алғаны белгілі болды. Кейін ел Президенті Одақ азаматтары кредит тарихына қатысты мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін заңға қол қойған.

Келісім 2021 жылдың желтоқсанында Мәскеуде қабылданып, ЕАЭО ортақ қаржы нарығын қалыптастыру тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде әзірленген.

Құжат несие есептерін трансшекаралық алмасу тәртібін бекітеді

Сондай-ақ берілетін ақпарат тізбесін анықтайды. Мұндай ақпаратқа несие есебі туралы сұрау салу, несие тарихы субъектісінің келісімі, несие есебінің өзі, сонымен қатар несие тарихын даулауға байланысты құжаттар жатады.

Келісім шарттарына сәйкес, несие есептерін трансшекаралық алмасу тек қарыз алушының – жеке немесе заңды тұлғаның келісімімен жүзеге асады. Бұл ретте мұндай ақпарат тек несие алу немесе кейінгі мониторинг мақсатында ғана беріледі.

Қазақстанда екі несие бюро несие тарихын беруге уәкілетті: «Мемлекеттік несие бюросы» АҚ және «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС.

26 сәуірде Мәжілістің жалпы отырысында «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде кредиттік тарихтың құрамына кіретін мәліметтер тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы»  Заң қабылданды.

Сондай-ақ оқыңыз