Жаңалықтар

ҚҚҚ: 2025 жылы инфляция 9,3% болады

Бензин мен дизель отынының қымбаттауы инфляцияға әсер етеді
kursiv.media

Нарықтың кәсіби қатысушыларының инфляцияға қатысты болжамы нашарларды. Бұл Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы жасаған сауалнамадан белгілі болды.

Банктер, сақтандыру және брокерлік компаниялар өкілдері 2025 жылғы наурызда инфляция 9,3% болады деп болжап отыр. Бұл 2024 жылғы қаңтар-ақпандағы нақты көрсеткішке ұқсайды. Бір ай бұрын қаржыгерлер бұл болжамды 8,8% деген еді.

Ай сайынғы инфляция қаңтардағы 0,8%-дан ақпандағы 1,1%-ға дейін жеделдетілгеннен кейін болжам қайта қаралды.

Инфляцияның бақыланатын және күтілетін өсуі ақша-кредит шарттарының қалыпқа келу циклін кідіртуі мүмкін. Респонденттердің көпшілігі (58%) 12 сәуірдегі отырыста беліленген базалық мөлшерлеме өзгеріссіз қалады деп сенеді. Ал басқалары (42%) базалық ставка аздап төмендеу мүмкін дейді (тағы 25 б.н. – 14,5%-ға дейін), – делінген хабарламада.

Сонымен қатар алдағы 12 айдағы экономикалық өсім жыл басының әлсіз басталуы (қаңтарда 3,9%) және Теңіздегі өндіріс көлемі қашан ұлғаятыны бегілі емес кезде үкіметтің 6% жоспарымен салыстырғанда салыстырмалы түрде консервативті болып көрінеді.

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов жылдық инфляцияның баяулау қарқыны азайып отырғанын, биылғы жылдық инфляция 9,3%-ға дейін баяулағанын айтты.

Айлық инфляция орташа тарихи мәндерден жоғары қалыптасты. Маусымдық және әкімшілік факторлардан басқа нарықтық тауарлар мен қызметтер бағасы тез өсті.

Осы жылдың басынан зейнетақы активтері 18,4 трлн теңгеге дейін немесе 3,6% өсті. Инвестициялық табыс көлемі 351,1 млрд теңге болған.

Бұған дейін Тимур Сүлейменов жыл басынан бері Ұлттық қорға 912 млрд теңге түскенін айтты.

«Ұлттық қордың активтері жыл басынан 0,3%-ға ұлғайып, 60,2 млрд долларды құрады. Бұл ретте, ақпан айының қорытындысы бойынша инвестициялық табыс 1,44% немесе 0,87 млрд долларды құрады. Жыл басынан қорға түсетін түсімдер сомасы 912 млрд теңгені, оның ішінде ұлттық валютада 184 млрд теңгені құрады. Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін трансферт көлемі 1 трлн теңге болды», – деді банк басшысы. 

Ол ақпан айының соңында жалпы халықаралық резервтер 96,4 млрд доллар болғанын айтты. Ал алтын-валюта резервтері алтын сатып алуға байланысты жыл басынан 36,2 млрд долларға дейін немесе 0,5% ұлғайған. 

Сонымен бірге Ұлттық банк төрағасы ұлттық валютамыздың жыл басынан бері 0,9%-ға нығайғанын атап өтті.

«Жыл басынан бері теңге бағамы 1 доллар үшін 450,65 теңгеге дейін, яғни 0,9% нығайды. Ұлттық Банк икемді бағам белгілеу режимін ұстануды жалғастырады және валюталық интервенциялар жүргізбейді. Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін валюта сату теңгеге қолдау көрсетті. Оның сомасы ақпан айында 609 млн долларды құрады»,– деді Сүлейменов.

Еске сала кетсек, Тимур Сүлейменов Үкімет тек бюджет кірісіне сенсе ғана 2030 жылға қарай Ұлттық қорға 100 миллиард доллар жиналатынын айтқан болатын. 

ҰБ басшысының пікірінше, Ұлттық қор қаржысына «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ акцияларын сатып алу – қаражатты инвстициялау.

Бұл жерде екі мәселе бар. Біріншісі – концептуалдық, екіншісі – қаржылық есеп тұрғысынан алғанда техникалық. Бұл расында – ҚМГ акцияларына салған инвстиция. Қаржы министрлігі де, Ұлттық банк те оны инвестиция ретінде қарастырады. Ұлттық қор құрылымына қарасаңыз, ҚМГ-ның теңгедегі акцияларына қаржы салу есебінен, оның теңгедегі бөлігі өсті. Бұл өте дұрыс және заңды нәрсе, – деді ол.