Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) қазақстандық «Аралтұз» компаниясына 5,5 млрд теңге несие берді.
«Бұл қаражат тұзды булау арқылы жоғары сапалы вакуумдық тұз алуға мүмкіндік беретін отандық өндірісті іске қосу үшін пайдаланылады», – деп жазылған хабарламада.
Жоғары сапалы вакуумдық тұз – «Экстра» тұзы ретінде белгілі.
ЕҚДБ несиесі экспорттың тиімділігін арттыруға және Еуропа, Таяу Шығыс және Қытайдағы операцияларды кеңейтуге бағытталған. Банк қолдауымен «Аралтұздың» корпоративтік басқаруын жетілдіру жоспары жүзеге асырылатын болады.
Сондай-ақ Қызылорда облысы, Аралтұз әкімдігі мен ЕҚДБ арасында ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойылған. Өкілдер ретінде облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев, директорлар кеңесінің төрағасы Дәурен Мұқашев және Агробизнес департаментінің директоры Наталья Жукова қатысты.
«Меморандумға қол қою тараптар арасындағы әріптестікті нығайтуға, өңірде жаңа әлеуметтік және экологиялық стандарттарды енгізуге, сондай-ақ Қызылорда облысының Арал ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етеді», – деп жазылған хабарламада.
ЕҚДБ 2023 жылы Қазақстанға 330 млн еуро инвестиция салған.
Осы қаражатқа 21 жоба қаржыландырылған. ЕҚДБ директорының Қазақстан бойынша орынбасары Асқар Намазбаевтың айтуынша, бұл соманың 90%-дан астамы жеке сектор клиенттеріне тиесілі.
Қаржы ұйымы мен Shinhan Bank Kazakhstan «Атакент» іскерлік орталығына 3 млрд теңге қарыз берген. Бұл қаржыға әлемдік деңгейдегі спорт нысаны салынады. Қос банк берілген несие тәуекелін бірлесіп көтереді.
Бұған дейін Еуразиялық экономикалық комиссия Қазақстанда бизнеске несие беру қарқыны туралы хабарлады. Республика бұл көрсеткіш бойынша ЕАЭО-да көш бастады. Ұлттық валютадағы корпоративтік несиелердің көлемі 2023 жылдың төртінші тоқсанында 32%-ға өсті. Қырғызстанда жылдық өсу қарқыны 31%-құрады. Ад Беларусьте – 27%, Ресейде – 25%, Арменияда – 14% болды.