Жаңалықтар

Алматыға іргелес тау бөктеріндегі өзендерде су тасуы мүмкін – Алматы ТЖД

Алматыға іргелес тау бөктеріндегі өзендерде су тасуы мүмкін – Алматы ТЖД / kursiv.media

Алматының Төтенше жағдайлар департаменті күн жылып, таулы аймақта су деңгейі көтерілуі мүмкін екенін ескертеді.

Орташа тәуліктік температура жоғарылығандықтан және қар қарқынды ерігендіктен, 16-18 наурыз аралығында таудағы өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін. Алматы қаласының аумағына іргелес тау бөктері мен аудандарда су тасуы мүмкін, – делінген хабарламада.

Алматы қаласының ТЖД-сы тұрғындарға жақын орналасқан арықтар мен каналдарды қоқыстан тазарту қажет екенін ескертеді.

Сондай-ақ су қоймаларында мұз жамылғысының жұқарғанын, сондықтан мұзға шықпау қажет екенін еске салады.

Бұған дейін Алматы облысында су тасқыны қаупі бар учаскелерді тізген едік.

Алматы облысында су тасқыны қаупі бар учаскелерге аэровизуалды тексеру жүргізілді. Аэровизуалды тексеру Іле және Күнгей Алатауы жоталары өзендерінің бассейндері бойынша (Талғар өзенінің бассейнінен Шелек өзенінің бассейніне дейін) жүргізілді. Нәтижесі мынадай:

  • Морена көлдері қысқы режимде жатыр. Ақпан және наурыз айларындағы жердің сілкінгені морена көлдеріне теріс әсер етпеген. Көлдердегі су деңгейі максималды белгілерден едәуір төмен.
  • Айтарлықтай көлемдегі жаңа қар көшкіндерінің түсуі анықталған жоқ.  Биік таулы аймақта жеке қар көшкіндерінің түсуі мүмкін, соның ішінде адамдар мен жабайы жануарлардың қар көшкініне қауіпті беткейлерді кесуіне байланысты.
  • Сел қаупі бар өзендер арнасы таза, арналарда айтарлықтай кептелістер анықталған жоқ. Орта тауларда қар жамылғысының қарқынды еруі байқалмайды.
  • Орта таулар мен биік тауларда қардың едәуір қоры бар.