Жаңалықтар

Жыл басынан бері бюджетке 4,36 трлн теңге түскен

Бюджетке қанша түсім түскені белгілі болды. Фото: shutterstock.com

2024 жыл басынан бері бюджетке 4,358 трлн теңге түскен. Соның ішінде 2,58 трлн теңгесі республикалық бюджетке түссе, 1,696 трлн теңгесі – жергілікті бюджет еншісінде.

Мемлекеттік кірістер комитетінің дерегі бойынша, бюджетке ең көп салық төлеген – Алматы қаласы. Алматы бюджетке 849 млрд теңге берген. Одан кейіні орында Астана қаласы келеді. Елорда 3 айда 577,7 млрд теңге салық төлеген. Атырау қаласынан салық ретінде бюджетке 426,5 млр теңге тұскен.

Алматы Павлодар, Түркістан облыстар ірі қалалардың ізін ала келеді. Бұл аймақтар бюджетке 288, 165 және 151 млрд теңге жіберген.

Бюджетке тұскен салықтың 40 пайызына жуығын кіріске салынатын корпоративті табыс салығы құрайды. Жалпы көлемі – 1,7 трлн теңге. Оның 798 млрд теңгесі республикалық бюджетке түссе, жергілікті бюджетке 939 млрд теңгесі кеткен.

Тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге салынатын ішкі салықтан (ҚҚС, акциздер, темекі, алкоголь, бензин, автомобильдер үшін алымдар және т.б.) 1,6 трлн теңге жиналған. Соның ішінде 1,4 трлн теңгесі – руспубликалық бюджетке, 212 млн теңгесі жергілікті бюджетке кеткен. Сонымен қатар әлеуметтік, кеден және мүлік салығы да бар. Ал салықтық емес түсімдер мөлшері 130 млрд теңгенің құраған.

Алайда Экономист Ғалымжан Айтқазин жыл басынан бері бюджет кірісінің жоспары орындалмағанын айтады. Оның пікірінше, бюджетке түсетін түсімдер тек 81 пайызға орындалған.

Қаржы министрлігінің екі айдағы жедел ақпараты бойынша, республикалық бюджеттің жалпы кірісі 2,99 трлн теңгені құраған. Оның 1,85 трлн теңгесі – салық түсімдері. Экономист жоспар бойынша, екі айда бюжетке жалпы 3,6 трл теңге кіріс кіріп, соның ішінде 2,2 трлн теңге салық түсуі тиіс болғанына назар аударады. Яғни бюджеттің кірісі бөлігі тек 81,7 пайызға орындалған. Қаңтар-ақпан айларында бюджет кірісі 18,3 пайызға кем қалыптасқан.

Есесіне осы кезеңде бюджеттен шығын жоспарланған көлемде шыққан. Бюджет шығысының орындалу көрсеткіші 98,1%-ды құрайды. Екі айда бюджетттен 3,66 трлн теңге шығыс шыққан.

Оған қоса, жыл басында республикалық бюджетке Ұлттық қордан 1,09 трлн теңге трансферт бөлінген. Бұл осы кезеңде түскен салық түсімдерінің 59 пайызына тең.