Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Рамазан айының аяқталуына орай өңірлер бойынша Ораза айт мерекесіне арналған намаз кестесін жариялады. Айт намазының алдында мұсылман қауым пітір-cадақа төлей алады.
10 сәуірде мұсылман қауым үшін Ораза айт мерекесі басталады. Ол қасиетті Рамазан айындағы оразаның аяқталуына орай тойланады.
Ораза айт – мұсылмандардың маңызды мерекелерінің бірі. Оның мағынасы жақсы істер жасап, ренжіскен адаммен татуласып, оның шаңырағына барып, жақсылық тілеу. Айт намазы басталғанға дейін мұсылман қауым мешіттерде пітір-садақа төлей алады.
Ораза айт үш күн аталып өтіледі. Мұсылман қауым үш күн бойы үйде дастархан жайып, тілек білдіріп келген адамдармен бірге ниет етеді. Өздері де өзге адамдардың үйіне барып, оларға ізгі тілектерін айтады. Бұл күндері қайтыс болған адамдарды еске алып, олардың рухына құран бағышталады.
2024 жылы Рамазан айы 11 наурызда басталып, 9 сәуірде аяқталады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде пітір садақасы еліміз бойынша екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 640 теңге болып бекітілген.
Еске сала кетсек, мүфтият уақыт белдеуінің ауысуына байланысты 1 наурыздан бастап намаз уақытыөзгеретінін хабарлады. ҚМДБ UTC (Дүниежүзілік үйлестірілген уақыт) +5 уақытына ауысқан сәтте намаз уақыттары да автоматты түрде өзгеретінін, түзетілген намаз кестесі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайтында жарияланды.
2024 жылы Арапа күні 16 маусымға түссе, қасиетті Құрбан айт мерекесі 17 маусым күні басталады. Ал Мұхамед Пайғамбар туған күні саналатын Мәуліт мерекесі 14/15 қыркүйекке келеді.