«Ақтөбе-Темір-ВС» еншілес кәсіпорны» АҚ KASE-ге жалпы активінің жартысына тең көлемде қаржылай көмек алғанын хабарлады.
17 сәуірде алынған қарыз көлемі – 7 966 749,33 теңге. Компания оны биыл 31 желтоқсанға дейін қайтаруға міндеттеме алған.
Компания Ақмола облысындағы «Велиховское Южное» және «Велиховское Северное» кен орындарында темір өндіреді.
Ақпан айында компания қажетті инвестицияның жоқтығынан темір кен орынындағы өндірісті тағы да уақытша тоқтататынын хабарлаған. Кейін 2,6 млн теңге қарыз алу туралы келісімге қол қойған.
Ал қазір KASE мәліметінше, «Ақтөбе Темір-BC» акцияларының 50%-ы Qazaq Iron-ға, 30%-ы – EVO ST Group-қа тиесілі. Ал 10 пайыз акциясына «Капиталинвест» компаниясы иелік етсе, 10%-ы Gemini Mining B.V. ұйымына тиесілі.
2023 жылдың 9 айына арналған қаржы есебінде жалғыз құрылтайшысы – Gemini Mining B.V. деп көрсетілген.
«Ақтөбе Темір-ВС» компаниясының түпкілікті акционерлері: М.Әбуов (Qazaq Iron ЖШС) З.Үйсенова (EVO ST Group ЖШС) А.Сәрсембаев және Е. Баймұратов («Капиталинвест» ЖШС), сондай-ақ G. Mahler (Gemini Mining B.V.) деп жазылған.