Жаңалықтар

Қазақстандықтардың тұрғын үй жағдайын жақсарту мен емделу үшін БЖЗҚ-дан алған ақшасы былтырғыдан 2,4 есе көп

Казахстанцы стали изымать больше денег из ЕНПФ
Биыл БЖЗҚ-дан алынған қаражаттың жалпы сомасы шамамен 193 млрд теңгені құрайды / Коллаж: kursiv.media

Қазақстандықтар 2024 жылдың үш айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тұрғын үй жағдайын жақсарту мен емделу үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) көбірек қаражат ала бастады.

Біржолғы зейнетақы төлемдеріне сұраныс артты

Биылғы жылдың қаңтар-наурызында БЖЗҚ-дан алынған қаражаттың жалпы сомасы шамамен 193 млрд теңгені құрайды. Ал 2023 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚ осы кезеңде шамамен 98 млрд теңге алынған. Қазақстандықтар қордан зейнетақы қаражатын өткен жылмен салыстырғанда 96,9%-ға көп алған.

Бұл ретте осы соманың негізгі бөлігі тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделу ақысын төлеуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерінен (БЗТ) құралған – шамамен 83,7 млрд теңге.  Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2,4 есеге көп. Тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емдеуге жұмсалған өткен жылы 34,4 млрд теңгені (35,1%) құрады. Биылғы жылмен салыстырғанда 143%-ға аз.

2024 жылы зейнеткерлік жасқа жетуге байланысты төлемдер шамамен 44,6 млрд теңгені құрады. 2023 жылы төлемдердің басым бөлігін жасы бойынша біржолғы зейнетақы төлемдерінен жүзеге асырды – 36,09 млрд (36,85%). Зейнеткерлік жасқа жеткендегі біржолғы төлемдер биыл 23,9%-ға өсті.

Мұрагерлік төлемдер – 13 млрд теңгені құрады. Өткен жылы – 12,4 млрд теңге (4,8%-ға өсті) болған.  Қазақстан Республикасынан тысқары жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер – 7,7 млрд теңге, 2023 жылы – 8,7 млрд теңге (11,5%-ға азаю); мүгедектерге төленетін төлемдер – 790,3 млн теңге, 2023 жылы – 690,6 млн теңге (өсім 14,4%) жерлеу төлемдері биыл – 2,5 млрд теңге болды.

Сақтандыру ұйымдарына шамамен 40,8 млрд теңге аударылды.

Ең жоғары зейнетақы мөлшері 945 мың теңгені құрады

БЖЗҚ-дан кесте бойынша орташа айлық төлем мөлшері (зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты) 2024 жылы 33,9 мың теңгені, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары мөлшері 945,7 мың теңгені құрағанын айта кетейік.

Еске сала кетсек, өткен жылдың сәйкес кезеңінде Бірыңғай зейнетақы қорынан кесте бойынша орташа айлық төлем 32,3 мың теңгені, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 742,6 мың теңгені құраған болатын.

Қасым-Жомарт Тоқаев БЖЗҚ активтерін экономикаға құйғанда нарық талаптарын ескеру қажет екенін айтты.

2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ салымшыларының жеке және шартты шоттарында 18,9 трлн теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. 2024 жылдың басынан бастап 01.04.2024 жылға дейін олардың өсімі шамамен 1,02 трлн теңге (5,7%) болды. Өткен жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда зейнетақы жинақтарының көлемі шамамен 3,5 трлн теңгеге немесе 22,6% өсті

2024 жылдың 3 айында зейнетақы жарналарының көлемі 623,6 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 27,9% немесе 136,2 млрд теңгеден аса мөлшерге артық.