Жаңалықтар

Air Astana кірісі 13,3%-ға өсіп, 264,7 млн долларды құрады

Air Astana қаржылық есебін жариялады
Air Astana жолаушыларының саны 18,5% -ға өсті / Фото: shutterstock

Air Astana акционерлік қоғамы 2024 жылдың бірінші тоқсанын қорытындылап, қаржылық есебін жариялады.  

Құжатқа сүйенсек компания түсімі мен өзге де кірісі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 13,3% -ға өсіп, 264,7 млн долларды құрады. EBITDAR көрсеткіші өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,9% өсіп, 50,0 млн долларға жетті. Жолаушы километріне шаққандағы кіріс (RPK) өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,5% -ға өсіп, 3,4 млрд долларды құрады.  

Тасымалданған жолаушылардың жалпы саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 18,5% -ға өсіп, 1,9 млн адам болды. Шекті жолаушыкилометр (ШЖКМ) көрсеткіші өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15,2%-ға өсті. Мұнда Air Astana-үлесі 8,5%, FlyArystan үлесі 35,1%-ды құрады.

Топтың паркі осы жылғы қаңтарда Air Astana-ға Airbus A321 NEO жеткізілгеннен кейін 50 ұшаққа дейін ұлғайды. Есепті кезеңнен кейін FlyArystan-ға Airbus A320neo
осы жылғы сәуірде жеткізілгеннен кейін 51 ұшаққа жетті.

FlyArystan 2025 жылдың бірінші тоқсанында жеткізілетін паркті кеңейту жөніндегі бұрынырақтағы жоспарға қосымша A320ceo тағы екі ұшақтың лизингі туралы келісім жасасты. Жазғы кезеңде жоғары сұранысқа байланысты кейбір компания кей рейстерінің сыйымдылығын ұлғайтуды жоспарлап отыр.

«Топтың қаражаты 33,8%-ға ұлғайып, 369,5 млн долларды құрады», – деп жазылған есепте.

Еске сала кетсек, ақпанда IPO-сы өткен әуе компаниясы Қазақстан биржаларында сатылған қарапайым акциялары мен жаһандық депозитарлық қолхаттарын кері сатып алмақ.

IPO-cын нарық он жылдан аса күткен компания жария орналастырудан 2 ай өтер-өтпестен акцияларын кері сатып алатынын мәлімдеді. Оның мақсаты «еңбекті ынталандыру бағдарламасынан туындайтын компанияның міндеттемелерін орындау» екені жазылған.

Air Astana тобы кірісі мен әуе флотының көлемі бойынша Орталық Азия және Кавказ аймақтарындағы ең ірі әуекомпаниялар тобы. Топтың бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасында, Astana International Exchange (AIX) және Лондон қор биржасында орналастырылған.