Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы қазақстандық теңіз порттарында жүктерді ауыстырып тиеу көлемі артты.
ҚР Көлік министрлігінің мәліметі бойынша Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы жүк тасымалдауды ұлғайту бойынша жұмыс жалғасуда. Биыл Құрық портын тереңдету жоспарланған. Бұл кемелердің портқа кіруі үшін жеткілікті тереңдікті қамтамасыз ету үшін қажет.
Биылғы 4 айдың қорытындысы бойынша аталған бағытта жүк тасымалы көлемінің өсімі 15 пайызды құрады. Құрық порты арқылы жүк көліктерінің өтуі 34 пайызға, ал Ақтау порты арқылы өтетін контейнерлер саны 27 пайызға өсті.
Қытайдан Еуродақ елдеріне контейнерлік транзиттің өтуі 3,4 есе артқан.
Биылғы ақпан айында Ақтау порты арқылы жөнелтілетін Қазақстан мұнайының экспорттық көлемі 287 мың тоннаға жетті. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 76 мың тоннаға артық.
2023 жылы Көлік министрі Марат Қарабаев Қазақстан Каспий теңізіндегі Ақтау және Құрық порттарын олардың тиелуін қамтамасыз ететін жеке компанияларға беруге дайын деп хабарлады.
«Бізде екі негізгі порт бар. Біз сенімгерлік басқаруды кез келген жеке компанияға беруге дайынбыз. «Нұсқау немесе төлеу» ұғымы пайда болса, акцияларды (порттар – курсив) сатуды да қарастырдық. Егер порттардың жүктелуі қамтамасыз етілсе, оларды жеке секторға беруге дайынбыз», – деді ол Жаһандық инвестициялар жөніндегі қазақстандық дөңгелек үстел басында (KGID-2023).