Мамыр айында күн райы тағы суытады. Қазгидромет алдағы үш күнде республиканың басым бөлігінде ауа райы қолайсыз болатынын хабарлады. Кейбір аймақта қар жаууы да ғажап емес.
«Атмосфералық фронттар еліміздің барлық дерлік аймақтарында найзағай, бұршақ және екпінді желмен жаңбыр жауады. 24-25 мамырда солтүстік-батыста, солтүстікте, 25 мамырда орталықта жауын-шашын жаңбыр қарға ауысады, кей уақыттарда қатты жауын-шашын күтіледі. Тек кейбір күндері батыс және оңтүстік аймақтарда жоғары қысымның әсерінен жаңбырдың тоқтауы болжанады», – делінген кәсіпорын сайтында.
Скандинавия түбегінің аудандарынан жоғары қысымды аймақтың енуімен ауа райы күрт өзгереді. Республиканың батыс, солтүстік және солтүстік-батыс аймақтарындағы түнгі және таңертеңгі сағаттарда 3 градусқа дейін үсік болады. Күндізгі уақытта солтүстік және солтүстік-батыс аймақтарда 5-13 градус жылыға дейін төмендеуі күтіледі. Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында оңтүстік-батыс ағындары температураның 20-30 градусқа дейін жоғарылауына себеп болады.
«Қазгидромет» мамыр айында ауа райы тұрақсыз болады деп ескерткен еді.