Антикор мемлекеттік қызметшілерге арналған жемқорлыққа қарсы онлайн оқу курсын бастады. Бүгінге дейін 20 мың мемқызметші курстан өткен.
Курс бағдарламасы 3 модульден және 10 жеке тақырыптан тұрады. Оқу материалдары сызбалар, жадынамалар және интерактивті презентациялар үлгісінде қысқаша мәтіндік баяндамалар түрінде ұсынылған.
Курс мақсаты – жемқорлықтың алдын алу әдістемесін көрсету, қылмыс салдары ауыр болатынын түсіндіру, оған қарсы заңдар мен нормативтерді талдау.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі курсты өткізу үшін «Documentolog» ақпараттық жүйесін пайдалануда.
Былтыр парақорлық жайлаған салалалар анықталды. Ішкі істер органдарында жемқорлыққа қатысты деректер жиі тіркелген. Яғни ішкі істер министрлігінде 193, Төтенше жағдайлар министрлігінда – 31, Қаржы министрлігінде – 25, Қорғаныс министрлігінде – 17 адам жазаға тартылған.
Агенттік жемқорлық салдарын көрсетудің қатаң жолдарына көшуде. Осы күндері шенеуніктерге түзету мекемелеріне алып барып, жазасын өтеп жатқандардың қазіргі жағдайын жиі көрсетеді.