Польша мен Ресей операторлары Қазақстан мұнайын Германияға транзиттеуді жалғастыруға келісті. Бұл жайында Reuters басылымы жазды.
Қазақстаннан Польшаға тәулігіне 2 млн баррель мұнай құбырдың солтүстік тармағы арқылы келеді.
«Транснефть» сәуір айында Польшадағы мұнай шығынын өлшейтін құралдарды сертификаттауға байланысты Германияға мұнай тасымалының тоқтауы мүмкін екенін ескерткен. Бір жағынан PERN компаниясының батыс санкцияларынан сескенгені айтылады.
Сонымен польшалық PERN, ресейлік «Транснефть» және германиялық PCK Schwedt мұнай өңдеу зауыты ресейлік емес компанияның Дружба құбырының поляк бөлігінде мұнай шығынын өлшейтін құралдарды күтіп-ұстауына келісім берді.
Словакиялық компания поляк аумағында бухгалтерлік есепті ұсынады. Бұл амал өз кезегінде PERN-ге бағытталатын санкциялардың әсерінен қорғайды. Талап бойынша есептегіштер ресейлік стандарттарға сай сертификатталып отыруы керек.
Сәуір айында Reuters басылымы Ресей Қазақстанға мұнай транзитін маусым айында аяқтауы мүмкін екенін ескертті. Бірақ бұл ақпаратты Энергетика министрлігі растамады.
2024 жылдың қаңтар-сәуір аралығында «ҚазТрансОйл» АҚ Германияға 420 мың тонна қазақстандық мұнай тасымалдады. Мамыр айында компания 120 мың тонна қазақстандық мұнайды жеткізуді жоспарлап отыр.