Жаңалықтар

Air Astana 2023 жылға дивиденд төлемейтін болды

Air Astana
Air Astana акционерлерінің шешімі шықты Фото: kursiv.media/

Air Astana 2023 жыл үшін дивиденд төлемейді. Акционерлер жылдық жалпы жиналыста осындай шешім шығарды.

Компанияның былтырғы 30,7 млрд теңге таза пайдасы компания иелігінде қалдырылды.

«2023 жылғы отыз миллиард жеті жүз отыз тоғыз миллион жетпіс төрт мың теңге немесе «ЭйрАстана» АҚ таза пайдасының 100% «Эйр Астана» АҚ-ның иелігінде қалдырылсын», – делінген хабарлама.

Сонымен қатар BAE Systems (Kazakhstan) Limited акционерінің мүддесін қорғаған Майлс Сент Джон Весткотт директорлар кеңесінен шықты. Тәуелсіз директор болып Дияс Асанов сайланды.

Air Astana кірісі мен әуе флотының көлемі бойынша Орталық Азия және Кавказ аймақтарындағы ең ірі әуекомпаниялар тобы. Топтың бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасында, Astana International Exchange және Лондон қор биржасында орналастырылған.

2023 жылы Air Astana 68,7 миллион доллар таза пайда тапты. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 12,4%-ға аз. 2023 жылдың қорытындысы бойынша компания табысы 1,2 млрд долларды құрады. 2022 жылы 1,0 млрд доллар болатын Операциялық кіріс 136,0 млн доллар, ал 2022 жылы 148,7 млн доллар болатын. Компанияның тасымалданған жолаушыларының жалпы саны 10,1%, 8,1 млн-ға дейін өсті, орташа жүктеме коэффициенті 82,8%-ды құрады (2022 жылы 82,7%).

Топтың әуе кемелері паркінің көлемі кезең ішінде 49 ұшаққа дейін өсті (2022 жылдың аяғында 43 ұшақ). Түркия, Үндістан, Таиланд, Өзбекстан, Грузия және Парсы шығанағы елдері сияқты маңызды бағыттарға ұшатын рейстердің саны артып, Бейжіңге рейстердің қайта жандануымен Қытайға рейстер де артты

Ақпан айында тасымалдаушы IPO өткізіп, нәтижесінде 120 млн доллар тартты. Қазіргі кезде акциялардың 41%-ы – «Самұрық-Қазына» қорына, 24,6%-ы – номиналды ұстаушыларға, 16,95%-ы – британдық BAE Systems-ке, 6,51%-ы БЖЗҚ-ға тиесілі. Компания бір уақытта үш биржада: Қазақстан қор биржасында, Астана халықаралық биржасында және Лондон қор биржасында листингтен өтті.

Кейін Air Astana әуе компаниясы Қазақстан биржаларында сатылған қарапайым акциялары мен жаһандық депозитарлық қолхаттарын кері сатып алатынын хабарлады. Оның мақсаты «еңбекті ынталандыру бағдарламасынан туындайтын компанияның міндеттемелерін орындау» екені жазылған. 

2024 жылдың I тоқсанында топ 5,2 млрд теңге шығынға ұшыраған.