Жаңалықтар

Автомобиль нарығына қатысушылардың KURSIV/AUTO 2024 тәуелсіз форумы басталды. Тікелей трансляция

Автомобиль нарығына қатысушылардың KURSIV/AUTO 2024 форумы өтіп жатыр / Фото: kursiv.media

Алматыда автомобиль нарығына қатысушылардың KURSIV/AUTO 2024 І тәуелсіз форумы өтіп жатыр. Аталмыш шара – Қазақстанның автомобиль нарығының барлық негізгі қатысушысын біріктіретін бірегей салалық форум.

Былтыр автомобиль нарығы 10 жылда алғаш рет өсті. 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында еліміздегі жеңіл автокөліктердің саны 14,4%-ды құраса, 2015-2021 жылдар аралығында бұл көрсеткіш жыл сайын орта есеппен 0,7%-ға төмендеген. Нарық ұзаққа созылған тоқыраудан шықты.

Бұдан әрі не болады? Сарапшылар, автодилерлер, салалық қауымдастық пен реттеуші органдардың өкілдері осы сұраққа жауапты KURSIV/AUTO 2024 форумында табатын болады.

2024 жылы автоөнеркәсіп саласында көптеген өзгеріс болмақ. Былтыр Қазақстанда 150 мың автокөлік шығарылды (ішкі нарықтағы сатылымның 75%-ы), ал қазақстандық 10 автокөліктің біреуі ғана шағын торапты жинақ әдісімен (CKD) шығарылады. ҚР Индустрия министрлігі биыл жыл соңына қарай CKD үлесі 20%-ға, ал 2027 жылға қарай 50%-ға жетеді деп есептейді. Салалық кәсіпорындар бұған қаншалықты дайын?

Форумды мына сілтеме арқылы онлайн көруге болады:

ПЕРВЫЙ НЕЗАВИСИМЫЙ ФОРУМ УЧАСТНИКОВ АВТОМОБИЛЬНОГО РЫНКА КАЗАХСТАНА | KURSIV / AUTO 2024

Форум барысында 2024 жылы автонарықты не күтіп тұр, нарыққа қытайлық көліктердің келуі қалай әсер етті, сонымен қатар ұлттық автоөнеркәсіптің қазіргі жағдайы талқыланады.

Автонесиеге сұраныс бар ма, утильалымның пайдасы қаншалықты деген сауалдар ашық талқыға шығарылады.