Жаңалықтар

Қырғызстандағы сел кезінде отандастарымыз қаза тапты

Қырғызстандағы сел кезінде отандастарымыз қаза тапты / Архив: kursiv.media

Қырғызстанның Ош облысында сел кезінде қазақстандықтар қаза тапты. Бұл туралы ҚР СІМ хабарлады.

«Екі баланың денесі табылды, тағы екі адам іздестірілуде», – деп хабарлады ведомство.

Айта кетейік, бұған дейін Ош облысының Ноокат ауданында нөсер жауын-шашын болып, артынша жойқын тасқын жүргені туралы хабарлаған едік.

Селден кейін 5 адамның денесі табылып, тағы 2-і іздестірілуде. ҚР СІМ хабарлауынша бұлардың екеуі қазақстандық, кәмелетке толмаған балалар.

ҚР СІМ хабарлауынша, қазақстандық дипломаттар жергілікті билікпен тұрақты байланыста. Біздің Қырғызстандағы Елшілігіміз қайтыс болған балалардың туыстарына барлық қажетті көмек көрсетіп жатыр. Бұл қайғылы оқиға ҚР Сыртқы істер министрлігінің ерекше бақылауында.

Оқиғаға байланысты Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу қырғызстандық әріптесі Жээнбек Кулубаевпен телефон арқылы сөйлесіп, төтенше жағдайдың мән-жайын және екі елдің тиісті мемлекеттік органдарының өзара іс-қимылын талқылады.