Жаңалықтар

Қазақстанның Лондон мен Нью-Йорк қор биржасында саудаланатын «көк фишкалары» арзандады

«Көк фишкалар» арзандады. Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстандық компаниялардың Лондон мен Нью+Йорк қор биржаларында саудаланатын бағалы қағаздары өткен сауда сессиясында сәл арзандады. Қазақстан миноритар акционерлері қауымдастығының дерегінше, «көк фишкалар» 1-3 % құнын жоғалтқан.

Лондон қор биржасындағы сауда-саттықта Halyk акциялары 1,02% жоғалтып, ең соңында 17,52 долларға сатылған. 9 шілде күнгі саудада ең жорағы бағасы 17,7 доллар болса, ең төменгісі – 17,42 доллар. Сауда көлемі 407 869 акцияны құраған.

Ал «Қазатомөнеркәсіптің» бағалы қағаздары 0,37% арзандап, ең соңғы бағасы 40,05 доллар деңгейінде тұрақтады. Ең жоғары баға – 40,3 доллар болса, ең төменгісі 39,7 долларды құрады. 884 034 дана акция сатылған.

Ал Air Astana компаниясының акциялары 0,53% төмендеп, бағасы 7,51 доллар болып қалыптасты. 9 шілде күнгі саудада компанияның 13 520 бағалы қағазы өткен. Air Astana акциялары Лондон қор биржасына ақпан айының ортасында шыққан. Бірінші сауда күнінде бағалы қағаздары 5,26% қымбаттаған.

Ал АҚШ-тың NASDAQ биржасында Kaspi компаниясының құнды қағазы 2,94% арзандап, 127,96доллар болды. Ұсынылған ең жоғары баға 132,6 доллар болса, ең төменгісі 126 долларды құраған. Жалпы 210 357 акция сатылды. Kaspi тобының бағалы қағаздары NASDAQ биржасына 2024 жылдың қаңтарында орналастырылған.

Биыл наурызда Kaspi Лондон қор биржасында листингінен бас тартқан. Компанияның америкалық депозитарлық акциялары (ADS) мен жаһандық депозитарлық қолхаттары (GDR)  LSE-де сатылмайды.