Қаржы нарығының сарапшылары теңгенің одан әрі құнсыздануына еш себеп көріп отырған жоқ

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
құнсыздануына
Теңгенің тағы құнсыздануына себеп бар ма? Фото: kursiv.media, бильд-редактор: Зиперов Ахтам

Қаржыгелер қауымдастығының сауалнамасына қатысқан қаржы нарығының сарапшылары теңгенің одан әрі құнсыздануына еш себеп көріп отырған жоқ.

Олар тауар нарығының қолайлы конъюнктурасы, ағымдағы операциялар шотының профициті, сауда балансының жақсаруы, елдегі жоғары пайыздық мөлшерлеме және әлемдік капитал нарығындағы жағдайдың аясында теңгенің одан әрі әлсіреуіне негіз жоқ деп есептейді.

Биыл тамыз айының басында доллардың ұлттық валютаға шаққандағы бағамы 473,5 ₸/$ болып қалыптасуы ықтимал (қазіргі уақытта 481,6). Ал бір жылдан кейін 481,8 ₸/$-ға дейін көтерілуі мүмкін.

Ұлттық валютаның әлсіреуімен экономикадағы инфляцияға қарсы қысым күшеюі ықтимал. Десе де базалық мөлшерлемені сақтықпен төмендету циклі шілдеде жалғасуы мүмкін.

Сауалнамаға қатысқан респонденттердің 71%-ы базалық мөлшерлеме жылдық 14,0–14,25%-ға дейін төмендейді (қазіргі 14,5%) десе, ал қалғандары өзгеріссіз қалады деген пікірде.

«Инфляцияға қатысты болжам ұлттық валютаның әлсіреуі, бюджет тапшылығының тереңдей түсуі және елімізде жүргізіліп жатқан реформалар аясында соңғы 4 айда алғаш рет жылдық 8,1%-ға (бұрын 7,9%) өсті», – деп жазылған ҚҚҚ хабарламасында.


ОПЕК+ елдерінің мұнай өндіруді қысқартуымен қатар, Федералды резерв жүйесінің мөлшерлемені төмендету ықтималдығы мұнай бағасын қолдауы мүмкін. Биыл Brent мұнайы баррелінің бағасы 84,7 долларды құрайды деген болжам бар. Қазақстанның 2025 жылға арналған бюджетінде мұнай беррелі 75 доллар деп енгізілген.

Сарапшылар қымбат мұнай, өндірістің артуы қаржылық жағдайдың жақсаруы және құрылымдық реформалар ел экономикасының өсімін қолдайды деп пайымдайды. Бір жылда ЖІӨ өсімі 4,6%-ға (2024 жылдың 1 тоқсанында 3,8%) жетуі мүмкін.

9 шілдеде ұлттық валюта құнсызданып, доллар бағамы 480,77 теңгені құрады.

KASE мәліметіне сәйкес, сейсенбі, 9 шілде күні, АҚШ доллары бойынша сауда-саттық көлемі 144,571 млн долларды құрады. 5 шілде сауда-саттық көлемі 170,69 млн доллар болған. Транзакциялар саны – 531.

Теңге бағамы маусым айынан құбыла бастады. Мәскеу биржасына санкция салынған соң рубль да құнсызданып, кейін қалпына келді. Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов теңге бағамы «негізгі көрсеткіштерге» оралып жатыр. Оның пікірінше, соңғы айларда байқалған нығаю Ұлттық қор қаржысын көптеп сатумен байланыст болған. Ал шілде айында қорда сатылатын қаржы көлемі екі есе қысқарды.

Сондай-ақ оқыңыз