Жаңалықтар

Алматы әкімдігі BAZIS-A компаниясын Құлжа трактіндегі асфальтты қалпына келтіруге міндеттеді

BAZIS-A Құлжа трактіндегі асфальтты қалпына келтіруге міндеттелді / коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Алматы қаласындағы Бұқтырма көшесі мен Құлжа трактінің қиылысында жаңадан төселген жол бөлігінде шұңқырлар пайда болған.

Қалалық мобильділік басқармасы эстакада бойынша қозғалыс 2021 жылы ашылғанын, бірақ жолайрығы 2023 жылдың қазан айында пайдалануға берілгендіктен, нысан 2026 жылға дейін кепілдікте екенін хабарлады.

«Асфальтбетон жолының шұңқырлары гидрооқшаулағыш материалдың қабыршақтануы салдарынан пайда болды деген болжам бар. Оның нақты себептерін анықтау үшін зақымданған асфальт қайта ашылып қаралады. Bazis construction ЖШС компаниясына өз қаражаты есебінен алдағы 10 күн ішінде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге нұсқау берілді», – делінген хабарламада.

Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бүгінде бүлінген аймақта уақытша жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Елімізде жол-құрылыс материалдары мен жаңа технологиялардың бірыңғай базасы құрылған. Оған сәйкес автожолдарды орташа  және күрделі жөндеу, олардың құрылысы мен реконструкциялау кезінде, сондай-ақ жобалау сметалық құжаттама әзірлеу барысында құрылыс материалдары мен технологияларды аталған бірыңғай базада ұсынылған карьерлердің, битум және асфальт зауыттарының материалдарын ескеріп пайдалануы қажет. 

Республикалық маңызы бар жаңа жолдардың ұзындығы үш есе артқан еді.  Бюро жаңа жолдарға кеткен қаражат шығынын да есептеген. Солайша республикалық маңызы бар жолдардың орташа құны 1 км үшін 0,8 млн долларды құрайды екен.

Ұлттық статистика мәліметтерінде, өткен жылы 358,5 км жол пайдалануға берілгені жазылған. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 221%-ға көп екен. Ал 2021 жылмен салыстырғанда 90% артық. Бірақ бұл айтарлықтай үлкен көрсеткіш емес. Себебі 3-4 жыл бұрын пайдалануға берілген жолдар бұл көрсеткіштен екі есе артық болған. Мәселен, 2020 жылы 710 км, 2018 жылы 716 км жол пайдалануға берілген.