Жаңалықтар

2024 жылы қаңтар айынан бері 1,1 млн азамат декларация тапсырды

1,1 млн азамат декларация тапсырды/ kursiv.media

2024 жылы жалпыға бірдей декларациялаудың  үшінші кезеңі басталды.

Қаржы министрлігінің ақпаратына сүйенсек, 2024 жылы декларацияны 2,4 млн жеке тұлға табыстауы қажет. Жыл басынан бері олардың 46%-ы, 1,1 млн азамат декларация тапсырды.

Үшінші кезең декларанттары қатарына кіретіндер:

  • Заңды тұлға жетекшілері мен олардың жұбайлары;
  • Жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары;
  • 2023 жылы жұмысқа кіріп, 2024 жылғы 1 қаңтарда мемлекеттік мекеме, квазимемлекеттік секторда жұмыс істеп жатқандар мен олардың жұбайлары.

Декларацияның 99,9%-ы электронды түрде табысталған. Атап айтқанда, салық төлеушінің кабинеті (cabinet.salyk.kz), «Электронды үкімет» порталы  және «е-Salyq Azamat», «eGov mobile», Kaspi.kz, Halyk, Вcc.kz мобильді қосымшаларын пайдаланды.

Декларацияда не көрсету керек?

  • Декларацияны тапсырмас бұрын қызметін тоқтатқан не сенімсіз салық төлеушілер тізімінде бар-жоғыңызды тексеріп алыңыз. Оны мына сілтемелер арқылы білуге болады:
  • https://kgd.gov.kz/ru/services/taxpayer_search_unreliable/list
  • https://kgd.gov.kz/ru/services/taxpayer_search_unreliable
  • https://kgd.gov.kz/ru/services/taxpayer_search/entrepreneur
  • Шетелдегі мынадай активтерді көрсетуіңіз керек:
  • Жылжымайтын мүлік, жер телімдері;
  • Көлік, арнайы техникалар, тіркемелер;
  • Әуе және теңіз кемелері, ішкі судағы навигациялық кемелер, өзен-теңіз навигациялық кемелері;
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестері;
  • Шетел банктеріндегі шоттардағы барлық банк депозиті бойынша есептегенде 1 000 АЕК-тен асатын қаражат (3 450 000 теңге).
  • Қазақстанда болсын, шетелде болсын декларацияда мына деректерді көрсетуіңіз қажет:
  • Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар;
  • Бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары;
  • Дижитал активтер;
  • Инвестициялық алтын;
  • Интеллектуал меншік объектілері, авторлық құқықтар;
  • 10 000 АЕК (34 500 000 теңге) дейінгі қолма-қол ақша, оның ішінде банк сейфтерінде жатқан;
  • жеке тұлғаларға нотариалды куәландырылған несие шарттары.
  • Сондай-ақ, қалауыңызға қарай құны 1000 АЕК-тен (3 450 000 теңге) асатын мәдени құнды бұйымдар, антиквариат, биологиялық активтерді көрсетуге болады. Бірақ мұндай бұйымдарды 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін тәуелсіз бағалаушыға көрсетіп, бағалатып алу керек.

2021 жылдан бері Қазақстанда салық төлеушілерге санатына қарай табысын декларациялау міндеттеліп келеді. Мұндағы мақсат — көлеңкелі экономика мен және жемқорлықпен күрес. Сол арқылы әркім тапқан табысы мен иеленген мүлігінің таза жолмен келгенін дәлелдейді. Кәсіпкерлікпен айналысқан адамның бәрі бірдей салық төлеп, бизнесін ашық жүргізуі керек. Декларация тапсыруға міндеттелген санатқа кіретін адамдар қолма-қол қаражаты туралы да ақпарат беруге тиіс.