3,2%: Халықаралық валюта қоры әлемдік экономиканың өсіміне қатысты болжамын өзгертпеді

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
ХВҚ әлемдік экономика өсіміне қатысты болжамын жариялады / Фото: shutterstock.com

Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) жаһандық экономиканың 2024 жылғы өсу болжамын 3,2% деңгейінде сақтап қалды. Ал 2025 жылы әлемдік экономика 3,3% өсім көрсетеді деп болжайды.

Ұсынылған кесте мәніне сәйкес, әлемдік ЖІӨ-нің өсімі қордың сәуір айындағы болжамымен салыстырғанда өзгеріссіз қалған. Ал 2025 жылға бұл көрсеткіш 0,1 пайыздық тармаққа өсті.

Экономикасы дамыған елдер үшін ЖІӨ өсімінің болжамы 2024 жылға – 1,7% және 2025 жылға 1,8% деңгейінде өзгеріссіз қалады. Дамушы нарықтар мен дамушы елдер үшін баға 2024 және 2025 жылдар үшін 4,3%-ға (+0,1 б.б.) дейін жақсартылды.

Валюта қоры Қазақстан экономикасына қатысты болжамын өзгерткен: Қазақстан экономикасы 2024 жылы 3,5% өсім көрсетсе, 2025 жылы 4,6% өсуі ықтимал.

Баяндамада атап өтілгендей, жаһандық экономикалық өсуге жаһандық сауда, әсіресе, Азия елдеріндегі сауда-саттық ықпал етпек. Соның ішінде технология секторының экспорты күшті қолдау көрсетеді.

«Қызмет көрсету инфляциясы деинфляция бойынша ілгерілеуді тежеп, ақша-несие саясатын қалыпқа келтіруді қиындатады. Осылайша, жоғары инфляция тәуекелдері өсті, бұл сауда қатынастарының шиеленісуі және саяси белгісіздіктің күшеюі жағдайында пайыздық мөлшерлемелерлі одан әрі көтеруі ықтимал», – деп жазылған баяндамада.

Сәуір айындағы болжамында ХВҚ 2024 жылғы жаһандық өсімге қатысты болжамын 0,1 тармаққа өсіріп, 3,2%-ға дейін жақсартқан болатын. Әлемдік инфляция 2024 жылы 5,9%-ға, ал 2025 жылы 4,5%-ға дейін төмендейді деген болжам жасалған. Бұл көрсеткіш бұған дейінгі болжамнан 0,1 тармаққа жоғары.

Сондай-ақ оқыңыз