Париж мэрі «Сенаның» тазалығын дәлелдеу үшін өзенді жүзіп өтті

Жарияланды 17 Шілде 2024 17:07

(жаңартылды 17 Шілде 2024 17:50)
Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Париж мэрі «Сена» өзенін жүзіп өтті / X / lukaszbok / бильд-редактор Ахтам Зиперов

Париж-2024 жазғы Олимпиада ойындарына 9 күн қалған кезде қала мэрі Анна Идальго судың тазалығын дәлелдеу үшін Сена өзеніне түсіп көрді деп хабарлайды France24.com.

Басылым ақпаратына сүйенсек, қала басшысы өзенге түсуді маусым айында-ақ жоспарлаған, бірақ жаңбырдың салдарынан кейінге қалдырды. Осылайша 17 шілде күні Идальго уәдесінде тұрып, ойындар басталатын орнынан 100 метр қашықтықта жүзіп өтті.

1923 жылдан бастап шомылуға тыйым салынған Сена өзені биыл тазарту жұмыстарынан өтіп, олимпиада ойындарының триатлон және марафондық жүзу бойынша жарыстарды қабылдауға дайын. Ұйымдастырушылар суды бактериологиялық зерттеудің оң нәтижелерін жариялады. 26 маусым мен 4 шілдеде алынған E.Coli соңғы сынамалар мен энтерокок деңгейінің халықаралық стандарттарға сай екенін растады.

Айта кетейік, XXIII жазғы Олимпиада ойындары Парижде 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.

15 шілдеде Грекиядан бастау алған Олимпиада алауының эстафетасы өз мәресіне жетіп, алау Францияның астанасы Париж қаласына жеткен.

Франция астанасында өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстаннан 80 спортшы аттанады. Төрт жылда бір өтетін әлем додасына Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 25 түрінен 92 лицензия иеленген.  

Сондай-ақ оқыңыз