Париж-2024: Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына дайындық кезінде бишілер наразылық білдірді

Жарияланды 23 Шілде 2024 11:48

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
протест
Бишілер наразылық білдірді / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Денис Андреев

Париждегі Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына дайындық кезінде күтпеген оқиға орын алды: бишілер өздеріне төленетін жалақының айырмашылығына наразы. Бұл туралы Championat.com хабарлайды.

CGT мәліметіне сүйінсек, бишілерге 60 еуродан 1 610 еуроға дейін төленеді, бұл әртістер және іс-шара ұйымдастырушылар арасында шиеленіс тудырды. Бишілер мұндай төлем жүйесін әділетсіз санап және оны қайта қарауды талап етіп отыр.

Францияның «Еңбек кәсіподағы» ұйымдастырушы Panama24 өкілдерімен кездесті, алайда бишілерге төлем бойынша әлі өзгерістер бола қойған жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы Париж-2024 жазғы олимпиадасына спорттың 25 түрінен 92 лицензия жеңіп алды. Ел намысын қорғауға барлығы 80 спортшы аттанды.

Сондай-ақ Париж қаласында өтетін Олимпиада ойындары басталмай жатып рекорд жаңартты. Олимпиадаға жалпы саны 8,8 миллион билет сатылды.

Сондай-ақ оқыңыз