Алматыда 26 шілде сағат 10:00 құтқарушылар жер сілкінісі туралы хабарлау жүйесін сынақтан өткізетін болады деп хабарлайды Алматы ТЖД. Қала тұрғындары теледидар, радио мен интернет-ресурстардан нұсқаулық ақпаратты біле алады.
«Алматы қаласының ТЖ департаменті ағымдағы жылдың 26 шілдесінде сағат 10:00-де жер сілкінісі туындаған кезде Алматы халқын хабардар ету бойынша командалық—штабтық оқу-жаттығу (КШУ) өткізуді жоспарлады», – делінген хабарламада.
Оқу-жаттығу азаматтарды ТЖ туралы хабардар ететін жабдықты тексеруі үшін қажет. 26 шілдеде қалада сиреналар қосылып, телерадио тоқтап, телефонға хабарламалар келеді.
Сигналды естіген алматылықтар теледидарлар мен радионы қосып, интернет-ресурстардағы және мобильді қосымшалардағы ақпаратты «қазіргі жағдайда» одан әрі әрекет ету жөніндегі нұсқаулықтарды алу үшін оқуы керек.
ҚР ТЖМ «Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 23 қаңтарда Алматы уақытымен 00 сағат 09 мин 02 сек жер сілкінісі тіркелді.
Алматыда болған жер сілкінісінен 8 адам зардап шеккен. Жарақат алған үш адам тұрғын үйлердің 2 және 3-қабатынан секірген.
Сонымен бірге Алматы қаласы ТЖД тапсырысы бойынша 2023 жылдың соңына қарай зілзала жайлы ерте хабарлау автоматтандырылған жүйесінің 28 сейсмикалық стансасының құрылысы аяқталғанын хабарлады. Жоба кезең-кезеңмен жүзеге асқан. Яғни 2022 жылы 11 сейсмикалық станса салынса, 2023 жылы 17 сейсмикалық станса салынып біткен. Жер сілкінісін ерте хабарлау жүйесі қазір тәжірибелік пайдалануға берілген. Шетелдік тәжірибеге сәйкес, апробациялық кезеңнен өтіп жатыр және сынақ режимінде. Жүйе әлі алты ай сынақтан өтеді.