Камала Харрис сайлауға түсетінін ресми түрде растады

Жарияланды 26 Шілде 2024 08:37

(жаңартылды 26 Шілде 2024 09:57)
post.authors.0.name

Ақниет Төленді

General News бөлімінің редакторы a.tolendi@kursiv.media
Камала Харрис сайлауға түсетінін ресми түрде растады / Фото: shutterstock

АҚШ-тың қазіргі вице-президенті Камала Харрис президенттік сайлауға түсетінін ресми түрде мәлімдеді. Мұны ол өзінің сайлау науқанына арналған алған бейне жазбасымен растады.

«Мен Камала Харрис Америка Құрама Штаттарының президентігіне үміткермін», — делінген вице-президенттің Instagram парақшасында жарияланған бейнежазбада.

Сонымен қатар Харрис өзінің қарсыласы Дональд Трамппен дебатқа түсуге дайын екенін айтты.

«Маған дебатқа қатысу туралы сұрақтар келіп жатыр. Дональд Трамппен пікірталасқа түсуге дайынмын. 10 қыркүйекте дебат өткізуге келісімімді бердім. Трамп та өз келісімін берді», – деді Харрис.

Вице-президент Камала Харрис ұлттық сауалнама нәтижесінде президенттіккке үміткер Дональд Трамптан 2% алда келеді. Reuters/Ipsos жүргізген сауалнамада Камала Харрис 44% жинаса,  Дональд Трамп 42 пайыз дауыс жинаған. Алайда Трамптың сайлауалды штабы мұны уақытша құбылыс деп есептейді.

АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден алдағы президент сайлауынан өз кандидатурасын алып тастайтынын мәлімдеді. Ол өзінің шешімін кейінірек ашып түсіндіруге уәде берді. Өз орнына қазіргі вице-президент Камала Харристі ұсынған болатын. 

Камала Харрис – Америка Құрама Штаттарының қазіргі вице-президенті, бұл лауазымды 2021 жылдың 20 қаңтарынан бастап атқарып келеді. Ол 1964 жылы 20 қазанда Калифорния штатының Окленд қаласында дүниеге келген. Анасы – үнді иммигранты, ал әкесі – Ямайка елінен келген иммигрант. Харрис мансабын адвокат ретінде бастап, кейіннен Калифорния штатының бас прокуроры және АҚШ Сенатының мүшесі болып қызмет етті. Ол президенттік сайлау науқанына 7 сағатта 50 млн доллар жинап алды. 

АҚШ президентін сайлау 2024 жылдың 5 қарашасына белгіленген. 16 шілдеде Дональд Трамп АҚШ-тың Республикалық партиясынан президенттікке кандидат ретінде тіркелген

Сондай-ақ оқыңыз