Көлік министрлігі такси жүргізушілеріне қалааралық тасымалға тыйым салу үшін қоғамдық талқылау өткізеді

Жарияланды 31 Шілде 2024 16:47

(жаңартылды 1 Тамыз 2024 09:48)
Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General News бөлімінің редакторы a.tolendi@kursiv.media
Таксистер қалааралық тасымалға рұқсат алу үшін тексеруден өтуге міндеттелуі мүмкін / коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Аружан Махсотова

Көлік министрлігі Indrive және Яндекс қосымшаларындағы такси жүргізушілеріне қалааралық тасымалдауға тыйым салу үшін қоғамдық талқылау өткізетінін хабарлады.

«Көлік министрлігі Таксомоторлы тасымалдау саласындағы жетекші интернет-платформалармен бірлесіп көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын арттыру бойынша жұмыс жүргізуде. Нарық қатысушыларына сапаны жақсарту және егжей-тегжейлі талқылау үшін ұсыныстар күтілуде», – деді ведомстводан.

Министрлік жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде автомобильдерді тексеруге, жүргізушілерді медициналық тексеруге, жылдамдық пен жұмыс режимдерін сақтауға, сондай-ақ сақтандырудың болуына байланысты талаптар маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Алайда такси жүргізушілерінің мұндай ақпаратты көп жағдайда ұсынбайтынына да тоқталды.

«Бұл жолаушылардың өмір қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Адам өліміне алып келетін апаттың көп бөлігі қозғалыс жылдамдығы жоғары қалааралық трассаларда болады. Тиісінше, басты назар қалалар арасында азаматтарды тасымалдаумен айналысатын таксилерге бағытталған», – деп қосты министрлік.

Көлік министрлігінің жоспарында жүргізушілерді Яндекс және Indrive қосымшаларына күнделікті Face ID-мен кіру және тіркелу кезінде медициналық тексеруден өтуге міндеттеу бар.

Елімізде InDrive және Яндекс.Такси жүргізушілеріне 50 шақырымнан артық жүруге тыйым салынуы мүмкін. Бұл шектеу, әсіресе, оң жақтағы рөлін сол жаққа ауыстырып алған «Альфард» көліктеріне қатысты болады. Екіншіден, қалалар арасындағы автобустардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жасалып отырған шара. Такси қызметіне енгізілетін бұл өзгерістер жайында Көлік министрі Марат Қарабаев айтты.

Сондай-ақ оқыңыз