Париж-2024: 6 тамызда қазақстандық атлеттер қандай спорт түрінен сайысқа шығады?

Жарияланды 6 Тамыз 2024 10:03

(жаңартылды 6 Тамыз 2024 10:18)
Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Париж-2024: 6 тамыздағы қазақстандық атлеттердің жарыс кестесі / shutterstock

Ұлттық олимпиада комитеті, бүгін, 6 тамызға арналған қазақстандық спортшылардың жарыс кестесін ұсынды. Қазақстандық спортшылар 4 спорт түрінен сайысқа шығады.

Ескерту: жарыс кестесі Астана уақытымен көрсетілген.

Жеңіл атлетика 3000 метр

Нора Джеруто сағат 21:55

Бүгін Олимпиадада Нора Джеруто алтын жүлдеге таласады. Олимпияда ойындарында қазақстандық жеңіл атлет Нора Джеруто финалға шыққан. Ол 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден өнер көрсетеді. Айта кетейік, Нора 2022 жылғы әлем чемпионы.

Байдарка мен каноэде ескек есу

Сағат 12:25 те ерлер арасында Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров, Бекарыс Раматулла мен Сергей Токарницкий, әйелдер арасында Мария Бровкова мен Руфина Ысқақова бақ сынайды.

Грек-рим күресі 77 келі салмақта

Демеу Жадыраев сағат 13:55

Құзға өрмелеу

Әмір Маймұратов 15:55

Бокс әйелдере арасында

Сағат 00:25 бокстан 50 келі салмақ дәрежесінде Назым Қызайбай жартылай финалдық жекпе-жегін өткізеді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов пен қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев бастаған дзюдошылар елге оралды. Алматы халықаралық әуежайынан спортшыларды халық ыстық ықыласпен қарсы алды.

Қазақстандық дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметовке туған жері – Таразда 5 бөлмелі пәтер мен Lexus 600 көлігінің кілтін табыс етті.

Сондай-ақ оқыңыз