Демеу Жадыраевпен алтынға таласатын Нао Кусака кім?

Жарияланды 7 Тамыз 2024 18:42

(жаңартылды 9 Тамыз 2024 10:54)
Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Демеу Жадыраев пен Нао Кусака алтын үшін таласады / коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Аружан Махсотова

23 жасар жапондық Нао Кусака грек-рим күресі бойынша әлемдік рейтингте 1-орында тұрғанын айта кетейік.

Сондай-ақ әлеуметтік желіде жапондық жанкүйерлер отандасына белсенді қолдау көрсетіп жатыр.

Кусака өзінің жетістікке жетуіне сүйікті тағамы удон көмектескені туралы айтты.

«Менің туған жерім Кагава, ал менің сүйікті тағамым – удон (жапон кеспесі). Мен оны Парижге алып келдім және удонның күшімен финалға дейін жеттім. Бір қуантар жайт, менің қарсыласымның елінде удон жоқ», – деді ол.

Айта кетейік, 7 тамыз күні грек-рим күресі бойынша қазақстандық Демеу Жадыраев пен жапондық Нао Кусака финалдық бәсекеде алтын үшін таласады. Париж Олимпиада жорығында екеуі де финалға сенімді түрде жетті. Шешуші кезеңге дейін Жадыраев Колумбия (9:0), Қырғызстан (3:1) және Әзірбайжан (6:1) өкілдерін жеңді. Сонымен қатар ширек финалда қырғызстандық екі дүркін әлем чемпионы Ақжол Махмудовтан басым түскені басты сенсацияға айналды. Ал Кусака Алжирден (9:0), Өзбекстаннан (12:2) және армениялық  (3:1) қарсыластарынан өтті.

Қазақстан құрамасының бас бапкері Юрий Мельниченко Жадыраевтың финалға шығуы отандық грек-рим күресі үшін үлкен жеңіс екені атап өтті. Айта кетейік, Қазақстан тарихта грек-рим күресінен олимпиадада бір ғана алтын алған. 1996 жылы Атлантада (АҚШ) Мельниченко чемпион атанды.

Демеу Жадыраевқа келетін болсақ 2017 жылғы әлем чемпионы, 2018 жылғы Азия чемпионы, Париж Олимпиадасында финалға дейін жетіп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық көрермендер алтын сарапқа түсетін финалдық кездесуді 21:50-де Qazaqstan және Qazsport телеарналарында көре алады.

Сондай-ақ оқыңыз