Қазақстандық оқушылар шахматтан әлем біріншілігінде 7 алтын жүлдеге ие болды

Жарияланды 9 Тамыз 2024 18:16

(жаңартылды 12 Тамыз 2024 10:18)
Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Казахстанские школьники завоевали семь золотых медалей на Чемпионате мира по шахматам
Қазақстандық оқушылар шахматтан әлем біріншілігінде 7 алтын жүлдеге ие болды / фото: Қазақстан шахмат федерациясы

Мектеп оқушылары арасындағы рапид және блиц бойынша әлем чемпионатында қазақстандық оқушылар 7 алтын медаль алды деп хабарлайды Қазақстан шахмат федерациясы.

Федерация мәліметіне сүйенсек, жас шахматшыларымыз Ташкентте мектеп оқушылары арасында рапид және блиц бойынша әлем чемпионатында жеті алтын, ал барлығы он үш медаль алып келді.

Қазақстандық шахматшылардың қоржынында барлығы 13 медаль, соның ішінде 7 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль.

Алтын медаль алған жас ойыншыларымыздың ішінде рапидтен – астаналық 9 жасар Арлан Міржанов, 12 жасар алматылық Айлин Зарқым, Атыраудан барған 14 жасар Зарина Нұрғалиева және 15 жастағы алматылық Әлихан Дәулет, блицтен – Шымкенттен барған 17 жасар Аяулым Қалдарова бар, ол сондай-ақ рапидтен күміс алды.

2-4 тамыз аралығында чемпионатқа қатысушылар рапидте «15+10» (әр партияға 15 минуттан беріледі және әр жүріс үшін 10 секунд қосылады) нұсқасында бақ сынасты – швейцариялық жүйе бойынша 9 турда жарысты, тек бұған қыздардың жасы үлкен екі санатының ойыны басқаша болды – катысушылар айналма жүйе бойынша ойнады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін халықаралық шахмат федерациясының президенті Аркадий Дворкович Қазақстандағы білім саласына шахмат ойынын енгізу, сондай-ақ спортшыларды даярлау бастамасын жоғары бағалады. Ол KazChess басшысы Тимур Турловпен елімізде шахматты дамытудың 2027 жылға дейінгі кешенді жоспарын талқылады. 

Сондай-ақ оқыңыз