Жаңалықтар

«Қазақстан Батыс елдерінің Ресейге салған санкцияларын берік сақтап отыра алмайды»: Жұманғарин Bloomberg-ке сұхбат берді

Серік Жұманғарин Bloomberg-ке сұхбатында Иран арқылы тауар тасымалдау мүмкіндігін алу туралы айтты / коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстан Батыс елдерінің Ресейге салған санкциялары отандық компанияларға әсер еткен жағдайда «оларды берік ұстанып отыра алмайды». Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Bloomberg басылымына берген сұхбатында айтты.

Басылымның ақпаратына сүйенсек, Қазақстан өзінің экономикалық мүдделерін бірінші орынға қоюға бейіл. Қазақстан үшін басты міндет көрші елген қарсы бағытталған шектеулерге ілікпей, бәсекелес аймақта басымдықты сақтап қалу. Басылым санкциялардың негізгі әсері Қазақстанның Қытайға одан әрі жақындата түсуі деп бағалап отыр.

Басылымның жазуынша, Ресей мен Иран рекордты санкцияларға тап болып отырған кезде Қазақстан шектеулі тауарларды жеткізе алатындықтан, Батыс мұқият бақылап отыр.

Жұманғариннің сөзінше, Қазақстан Әскери және азаматтық мақсатта қолданылатын шарикті мойынтіректерді (подшибниктерді) сатуға тыйым салмаған. Себебі жергілікті зауыт оларды дәстүрлі түрде Шығыс Еуропа мен ТМД елдеріне арнап шығарады.

Сонымен қатар, басылымның жазуынша, вице-премьер «Қазақстан санкцияларға төтеп бере алмайтындықтан», оларды сақтайтынын айтқан.

Bloomberg АҚШ пен оның одақтастарының Ресей экономикасын оқшаулау жөніндегі саясатында Қазақстанның басты рөл ойнайтын елдер қатарына кіретінін жазған. Басылым Қазақстан мен Ресейдің бір экономикалық одаққа кіретінін, ортақ әрі ұзын шекарасы барын және қазақстандық мұнайдың 80%-ы Ресейдің Новороссийск портындағы құбыр арқылы экспортталатынын ерекше атап өткен.

Жұманғарин Ресейге жасалған кейбір шектеулердің пропорционалды түрде Қазақстанға қаттырақ әсер еткенін түсіндірген. Ол Батыс елдері осыған байланысты келген шығынды өтеуге белсене жұмыс жасамайтынын айтқан. 40%-ы Қазақстанға тиесілі Eurasian Resources Group-тың шығынға ұшырауын мысал етіпті.

«Шектеулер болмаған жағдайда табыс Қазақстанда қалатын еді», – деді Жұманғарин. Басылым бұл пайданың санкция салынған азаматтарға берілгенін жазған.

Жұманғарин Қазақстанның Каспий теңізі мен Иран арқылы сауда жолын жасауға тырысып, сол мақсатта Иранды транзит ретінде қолдануға мүмкіндік беру үшін Батыс елдерінен жеңілдіктер сұраған. Бірақ нақты шешім қабылданбаған.

2022 жылы 24 ақпанда Ресей Украинаға қарсы «Арнайы әскери операция» деген атпен ауқымды соғыс бастады. Шабуылдың мақсаты ретінде Украинаның Донецк және Луганск облыстарының тәуелсіздігін қамтамасыз ету аталған болатын. Ресей оларды ресми түрде Донецк халық республикасы және Луганск халық республикасы деп атайды.

2022 жылы маусым айында Петербор экономикалық форумына барған кезде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Донецк және Лугансктің тәуелсіздігін мойындамайтынын және БҰҰ тізіміне жататын 193 елдің ғана тәуелсіздігін мойындауға дайын екенін айтқан еді

Соғыс басталғаннан кейін Батыс елдері Ресейге қарсы санкция сала бастады. ЕО пен АҚШ Ресейге үшінші елдер арқылы кіретін тауарлар экспортына санкция салуды қарастырған. Санкциялар пакеті санкцияларды қасақана айналып өтетін Ресей мен үшінші елдердің фантом фирмаларына тыйым салуға бағытталады.