Илон Маск X әлеуметтік желісінде кескіндерді жасау үшін пайдаланылатын жаңа нейрожеліні іске қосты

Жарияланды 16 Тамыз 2024 11:59

(жаңартылды 17 Тамыз 2024 00:01)
post.authors.0.name

Құралай Құдайберген

Business News бөлімінің тілшісі q.qudaibergen@kursiv.media
Маск қазіргі уақытта нейрожелілерге Premium және Premium+ жазылушылары қол жеткізе алатынын атап өтті / Фото: shutterstock және wikimedia commons

Илон Маск X әлеуметтік желісінде кескіндерді жасау үшін пайдаланылатын xAI екі жаңа нейрожелі моделінің іске қосылғаны туралы хабарлады.

Жаңа нейрондық желі моделдері – Grok-2 және Grok-2 mini деп аталады. Бұл модельдер X әлеуметтік желісіндегі мәтіндік сипаттамадан кескіндерді жасау үшін керек.

Қазіргі уақытта тек ақылы Premium және Premium+ жазылушылары Grok-2-ге қол жеткізе алады. Кәсіпкер хабарландыруында xAI Grok-2-нің жаңа нұсқасы бұрынғы Grok-1.5-ке қарағанда айтарлықтай жақсарып, байланыс, бағдарламалау және талдауда қызметтері жетілдірілгенін атап өтті.

Сонымен қатар неғұрлым ықшам модель – Grok-2 mini ұсынылды. Пайдаланушылар қазірдің өзінде жаңа алгоритмдерді сынай бастады. Оларды әртүрлі кескіндерді, соның ішінде цензура шектеулері жоқ суреттерді жасау үшін қолдана бастады.

Дегенмен АҚШ-та өтетін сайлауды ескере отырып, xAI билік тарапынан қысымға ұшырауы мүмкін. Бұған қоса билік шектеулер енгізуі де ықтимал. Болашақта компания Grok-2-ні әзірлеушілерге корпоративтік API арқылы қолжетімді етуді және оның мүмкіндіктерін іздеу және талдау құралдарын жетілдіре отырып, X әлеуметтік желісіне біріктіруді жоспарлап отыр.

Көптеген сарапшы жасанды интеллект пен нейрожелілер болашақта адамдарды алмастыра алмайды деп есептейді. Әсіресе, шығармашылық және зияткерлік саада істейтіндерді.

Массачусетс технологиялық институтының профессоры Джон Смит де осы пікірді ұстанады.

«AI-дағы прогреске қарамастан, адам интеллектімен салыстырғанда оның мүмкіндіктері әлі де шектеулі», – дейді.

Дегенмен технология дамыған сайын, AI өз мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Естеріңізде болса, SpaceX бас атқарушы директоры Илон Маск Twitter-ді (қазіргі – X) сатып алған кезде, оған 1 млрд доллар несие берген болатын. 2022 жылғы қазан айының соңында Маск Twitter-ді, шамамен, 44 млрд долларға сатып алды.

Кейін ол X/Twitter-дің ақылы болатынын хабарлады. Ал болашақта ол YouTube-тің баламасын шығаруды көздеп отыр.

Сондай-ақ оқыңыз