Париждегі Паралимпиадаға Қазақстан атынан 44 спортшы барады: Бектенов оларға сәттілік тіледі

Жарияланды 21 Тамыз 2024 14:23

(жаңартылды 21 Тамыз 2024 14:36)
Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General News бөлімінің редакторы a.tolendi@kursiv.media
Париждегі Паралимпиадаға Қазақстаннан 44 спортшы барады / Фото: Ұлттық Паралимпиада комитеті, бильд-редактор Ахтам Зиперов

28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Парижде өтетін Паралимпиада ойындарында спорттың 9 түрінен 44 спортшы Қазақстан намысын қорғайды. 21 тамызда спортшыларды премьер-министр Олжас Бектенов қабылдап, мемлекеттік туды табыс етті.

Фото: Ұлттық Паралимпиада комитеті, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Премьер-министр мемлекеттік туды ұлттық паралимпиада құрамасының екі ту ұстаушысы – Азия Паралимпиада ойындарының жүлдегері, Қазақстан чемпионатының он дүркін жеңімпазы Берік Ізмағанбетовке (отырып ойнайтын волейбол) және Қазақстан чемпионатының жеңімпазы Севда Алиеваға (пара оқ ату) табыстады.

Фото: Ұлттық Паралимпиада комитеті, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстан атынан XVII жазғы Паралимпиада ойындарына спорттың 9 түрінен 44 спортшы қатысады. Жарыс 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Парижде өтеді. 

Фото: Ұлттық Паралимпиада комитеті, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Айта кетейік, 2021 жылы Токиода өткен Паралимпиада ойындарында Қазақстан 1 алтын (Давид Дегтярев), 3 күміс (Ануар Сариев, Теміржан Дәулет және Зарина Байбатина), 1 қола (Нұрдәулет Жұмағали) медаль иеленген. Бұл ойындарға ел атынан 7 спорт түрінен 26 спортшы қатысқан.

Еске сала кетейік, Париждегі Олимпиада ойындарынан жалғыз алтынды дзюдодан 60 келі салмақта сынға түскен Елдос Сметов жеңіп алды. Күміс медаль алғандар: гимнаст Нариман Курбанов, грек-рим күресінің өкілі Демеу Жадыраев (77 келі) және боксшы Нұрбек Оралбай (80 келі). Ал қола медаль қыздар арасындағы бокстан Назым Қызайбайға, нысана көздеуден аралас командалық жарыста Александра Ле мен Ислам Сәтпаев және дзюдошы Ғұсман Қырғызбаевқа (66 келі) бұйырды

Сондай-ақ оқыңыз