Қазақстанда соттан тыс банкроттықты рәсімдеу жеңілдетілді

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Енді борышкер банкроттық рәсімдегенде банктік қарыз шартын ұсынбаса да болады / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Қазақстанда соттан тыс банкроттық рәсімі жеңілдетілді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады.

Азаматтардың соттан тыс банкроттық рәсіміне қолжетімділігін жеңілдетуді көздейтін заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Ресми құжат «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» деп аталады.

Атап айтқанда: 

  • борышкердің кредиторлардың алдындағы міндеттемелерін өтемеу мерзімі 18 айдан 12 айға дейін қысқартылды;
  • борышкердің банктік қарыз шарты және микрокредит беру туралы шарт бойынша берешегін реттеуді және өндіріп алуды жүргізу шараларының қабылданғанын растайтын құжатты ұсыну қажеттілігі жоқ.

«Енді аталған мәліметтерді борышкер емес, кредиттік бюроларға кредиттік ұйымдар ұсынады», – деп түсіндірді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.

Қаулыда берешекті реттеу талаптары және төлемге қабілетсіз қарыз алушыға қатысты қолданылатын шаралар туралы мәліметтер тізбесі белгіленді. Бұл борышкерді аталған құжаттар мен мәліметтерді жинаудан босатады. Сондай-ақ соттан тыс банкроттық рәсіміне қолжетімділікті жеңілдетуге мүмкіндік береді.  

Еске сала кетсек, 2023 жылғы 3 наурыздан бастап елімізде  «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілетін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заң күшіне енеді. 2023 жылдың қазан айында Үкімет проблемалық қарыз алушыларды қамтуды кеңейту мақсатында Қаржы министрлігіне соттан тыс банкроттық рәсімін жеңілдету туралы тапсырма берген.

2024 жылғы 13 маусымдағы жағдай бойынша, Қазақстанда жалпы қарызы 26,9 млрд теңгені құрайтын 12,5 мыңнан астам адам банкрот деп танылды

Сондай-ақ оқыңыз