«3 қыз өсіріп отырған әкемін»: Жанкош Тұраров қыз зорлады деген айыпқа жауап берді

Жарияланды 21 Тамыз 2024 11:48

(жаңартылды 21 Тамыз 2024 14:24)
Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Жанқош Тұраров жауап өзіне тағылған айыпқа жауап берді / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Аружан Махсотова

Танымал боксшы Жанқош Тұраров әлеуметтік желіде өзіне қатысты ақпаратқа жауап берді.

«Үш қыз өсіріп отырған әкемін. Төсектес қыз керек болса, маған зорламай-ақ келетін жағдайым бар! Қайдан шыққан жала екенін өзім де түсінбей отырмын. Қазір мәселенің мән-жайын анықтап, кім, қандай жала тағып отырғанын анықтайтын боламын!», – деп жазды Тұраров өз Instagram парақшасында.

Еске салсақ, бұған дейін боксшының қыз зорлады деген күдікке ілінгені туралы ақпарат тараған еді. Полиция ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

«Келіп түскен арызға байланысты Әуезов аудандық полиция Басқармасы қылмыстық іс қозғады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, 33 жастағы Жанқош Тұраров үйленген 3 баланың әкесі. Кәсіпқой боксшы 2023 жылдың 21 наурызынан бастап — бірінші жартылай орта салмақта IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы.

Сондай-ақ оқыңыз