Қазақстан – Норвегия матчының билеттері бір тәулікте сатылып кетті

Жарияланды 22 Тамыз 2024 09:59

(жаңартылды 22 Тамыз 2024 10:31)
Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Қазақстан – Норвегия матчының билеттері бір тәулікте өтіп кеткен / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

6 қыркүйекте Алматының орталық стадионында өтетін Қазақстан-Норвегия ойынына барлық билет бір тәуліктің ішінде сатылып кетті. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы өз Instagram парақшасында бөлісті.

«Қазақстан – Норвегия матчының билеттері бір тәулікте түгел сатылды. Бәріңізді 6 қыркүйекте Алматының Орталық стадионында күтеміз. Айта кетейік, алыпсатудың алдын алу үшін сатып алынған билет Қазақстан – Норвегия матчы басталуына 2 сағат қалғанда көрсеткен поштаға жіберіледі», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Алматының орталық стадионына 23 804 адам сыяды. Алайда әлеуметтік желіде билет ала алмай қалып, пікірлерін білдіріп жатқан жанкүйерлер көп.

Еске сала кетейік, ұлттар лигасының аясында Қазақстан құрамасы Алматыда Норвегияны қабылдаса, 9 қыркүйекте Люблянада Словениямен кездеседі.

УЕФА Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасы Норвегия мен Словениядан бөлек тағы Аустриямен бір топта ойнайды.

Сондай-ақ оқыңыз