Lifestyle

Астана мен Пхукет арасында енді тікелей әуе рейсі қатынайды

Астана мен Пхукет рейсі 26 қазаннан бастап іске қосылады / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Денис Андреев

26 қазаннан бастап Астана мен Пхукет арасында тікелей әуе рейсі қатынайды. Бұл туралы Air Astana компаниясы хабарлады.

Тасымалдаушы жолаушыларды Airbus A321LR әуе кемесімен жеткізетінін атап өтті.

Жаңа әуе байланысы қазір қатынап жүрген Алматы-Пхукет-Алматы рейсіне қосымша ретінде іске қосылып отыр.

«Екі жаққа билет бағасы 334 144 теңгеден басталады», – деп хабарлады әуе компаниясы.

Айта кететіні, Қазақстан Таиландпен 30 күндік визасыз режимді тұрақты негізде енгізбек. Бүгінгі таңда қазақстандықтар Таиландта визасыз кірген күннен бастап 30 күн алаңсыз жүре алады.

Еске сала кетсек, Қазақстан азаматтарына визасыз баруға болатын елдер тізімі жыл сайын артып келеді. 2024 жылы қай елдерге визасыз баруға болатынын тізіп шыққан болатынбыз.