Джеки Чан Паралимпиада ойындарының ашылу салтанатында алауды алып өтеді

Жарияланды 27 Тамыз 2024 10:31

(жаңартылды 27 Тамыз 2024 11:05)
Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Джеки Чан Паралимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысады / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Танымал актер Джеки Чан Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты қарсаңында алауды алып өтеді. Бұл туралы  South China Morning Post хабарлады.

Шетел басылымның мәліметінше, Джеки Чан әлемге танымал тұлға болғандықтан, оның бұл құрметті қызметті атқаруы спортқа, әсіресе, мүмкіндігі шектеулі жандарға деген қолдауды одан әрі нығайтуға үлес қосады деп күтіліп отыр.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Джеки Чан өз елінің мақтанышы және оның өмірі мен мансабы адамдарға шабыт береді. Ол өз іс-әрекеттерімен, қайырымдылық шараларына қатысуымен, қоғамға көмек көрсетуімен танымал. Осыған орай, оның Паралимпиада алауын алып жүруі де ерекше мағынаға ие болмақ.

Париждегі Паралимпиада ойындарының ашылу салтанатын ертең 28 тамыз сағат 23:00 де QazSport арнасынан көре аласыздар.

Еске сала кетейік, Қазақстан атынан спорттың 9 түрінен 44 спортшы ел намысын қорғайды. Премьер-министр мемлекеттік туды ұлттық паралимпиада құрамасының екі ту ұстаушысы – Азия Паралимпиада ойындарының жүлдегері, Қазақстан чемпионатының он дүркін жеңімпазы Берік Ізмағанбетовке (отырып ойнайтын волейбол) және Қазақстан чемпионатының жеңімпазы Севда Алиеваға (пара оқ ату) табыстаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз