Жаңалықтар

Артемьев шахтасында тағы бір кенші мерт болды – KAZ Minerals

Артемьев шахтасында ұңғымашы қаза тапты/ коллаж kursiv.media

31 тамызда Шығыс Қазақстан облысындағы Ертіс шахтасында төрт адам газға уланып, көз жұмды.  KAZ Minerals Тобы Артемьев шахтасында тағы бір жұмысшының мерт болғанын хабарлады. Оны үстіне тас құлаған.

«1 қыркүйекке қараған түні Артемьев шахтасында тастың құлауы салдарынан мердігер ұйымының үңгушісі жарақат алып, қайтыс болды. Оқиғалардың мән-жайы мен себептері анықталуда, қайғылы жағдайларды тергеу бойынша арнайы комиссиялар құрылды», – деп хабарладың компанияның баспасөз қызметі.

31 тамызда шамамен сағат 17.30 Ертіс шахтасында Ертіс шахтасының екі қызметкерінің және мердігер ұйымның екі қызметкерінің мәйіттері табылды. Жұмысшылардың газбен уланғаны анықталды.

KAZ Minerals Тобы Директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачук осыған байланысты тергеу жұмысын жүргізу үшін ШҚО-ға келген.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі де Шығыс Қазақстан облысының кенішіндегі 4 адам қаза тапқан топтық жазатайым оқиғаны тексеру үшін арнайы комиссия құрғанын хабарлады. Комиссияны Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік еңбек инспекторы Батырбек Қизатов басқарады.

«Жазатайым оқиға осы жылдың 31 тамызында болған. Сағат 16.25-те Шығыс Қазақстан облысы Алтай кентінде, «Востокцветмет» ЖШС Ертіс кенішінің «Ертіс» шахтасында ауысым кезінде белгісіз затпен улану белгілері бар 4 жұмыскердің денесі табылды», – деген анықтама берді ведмсвто.

Ведмство қаза тапқан кеншілер тізімін жариялады.

«Востокцветмет» ЖШС-ның екі қызметкері:

ұңғымашы А. Б. Бақытов, 1894 ж. т.;

ұңғымашы А. Б. Кеңесбаев, 1989 ж. т.

«Шахтстрой Инжиниринг» ЖШС мердігер ұйымының екі қызметкері:

ұңғымашы А. Т. Жайрғазин, 1978 ж. т.;

ұңғымашы А. К. Құсайынов, 1983 ж. т.

Одан бөлек «Востокцветмет» ЖШС-ның тағы бір жұмыскері, ұңғымашы А.К. Қамбаров ауруханаға жатқызылды. Комиссия жазатайым оқиғаның себептерін анықтайтын болады», – делінген министрлік сайтында.

KAZ Minerals-тың Қазақстан, Қырғызстан және Ресейдегі кен орындарында шамамен 14 000 адам жұмыс істейді. Еске сала кетейік, бұған дейін «Qarmet» компаниясына қарасты мердігер ұйымының екі жұмысшысы мерт болған еді.