Қазақстанға ең көп саяхаттауға ниет білдірген ТОП-10 ел белгілі болды. Amadeus компаниясының деректеріне сәйкес, Қазақстанға ең көп қызығушылық танытқан елдер қатарында Үндістан, Германия, АҚШ, Түркия және Оңтүстік Корея бар.
Зерттеу нәтижелері Қазақстанның жалпы туристік бағыт ретінде танымалдығының артып келе жатқанын көрсетеді. Мысалы, Малайзияның туристері өткен жылмен салыстырғанда Қазақстанға қызығушылықтары артып, рейтингте 30-орыннан 9-орынға көтерілді. Сондай-ақ, Қазақстанға Канада мен Жапон елдерінен келушілер саны артты.
Қазақстанға ең көп саяхаттауға ниет білдірген елдердің ТОП-10 тізіміне Біріккен Араб Әмірліктері және Ұлыбритания да кірді. Рейтингтің соңын Таиланд елінің туристері түйіндеп тұр, олар өткен жылмен салыстырғанда өз позициясын бір сатыға жақсартқан.
Жалпы, соңғы бір жылда Қазақстанға авиабилет іздеу бойынша көрсеткіш 13,4%-ға өскен. Оның ішінде Астана қаласында өтетін V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарына біршама елдерден туристер келуді жоспарлап отыр.
Amadeus мәліметінше, әсіресе, шілде айында, көшпенділер ойындарына екі ай қалғанда, іздеу транзакцияларының көлемі маусым айымен салыстырғанда 24,5%-ға артқан.
Көшпенділер ойындары өтетін Астанаға авиабилет іздеу бойынша Германия бірінші орында тұр.
Былтыр Қазақстанға 2,5 мыңға жуық Түркия азаматы, 1,4 мыңға жуық Германия азаматы, 1,4 мыңға жуық АҚШ азаматы, ал Ұлыбританиядан 1,2 мыңға жуық азамат келді.
Көршілес елдерден келетін азаматтарға келетін болсақ – алғашқы ондықта — Ресей 58,2 мыңнан астам турист, Өзбекстан – 11,2 мыңнан астам, Қырғызстан – 3 мыңға жуық ҚХР – 2,3 мыңнан астам, Тәжікстан – 2,3 мыңнан астам азамат бар. Сондай-ақ соңғы уақытта Үндістаннан келген қонақтардың саны артып келеді.
Айта кетейік, 8-14 қыркүйек аралығында өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында қыркүйектің 13 мен 14 күні Димаш Құдайбергеннің концерті өтеді. Бұл да шетелдік туристердің артуына ықпалын тигізіп отыр. Бірінші күні өтетін концерттің билеттері бір апта ішінде сатылып кеткені туралы жазған едік.
Еске сала кетейік, 2024 жылы Шарын, Көлсай және Іле-Алатау парктеріне келген туристер саны екі есе артты.