Lifestyle

Huawei үш бүктелетін смартфон шығарды: мұндай үлгідегі телефонды алуға түскен тапсырыс 4,3 миллионнан асқан

Huawei смартфон
Huawei шығарған бұл смартфон тек Қытайда сатылады / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Huawei ұсынған жаңа смартфон – жиналмалы Mate XT үлгісі. Оны сатып алуға алдын ала 4,3 млн-нан астам адамнан тапсырыс түскен деп хабарлайды өндірушінің Vmall.com ресми интернет-дүкені.

Бұл үшке бүктелетін әлемдегі алғашқы смартфон. Оған алдын ала тапсырыс беру үшін төлем жасап керек емес. Алдын ала тапсырыс кезеңі 7 қыркүйекте басталып, 19 қыркүйекте аяқталады.

Толық ашылған кезде құрылғы экранының диагоналы 10,2 дюйм болады. Ішкі жады көлемі – 256 ГБ-тан 1 ТБ-ға дейін жетеді. 256 ГБ жады бар нұсқа 19,999 мың юань (2,8 мың доллар) тұрады. 512 ГБ жады бар нұсқаның бағасы – 21,999 мың юань, 1 ТБ – 23,999 мың юань.

Смартфон қара және қызыл түстерде ұсынылады. Ол тек Қытайда сатылады.
Canalys мәліметінше, Қытай әлемдегі жиналмалы смартфондардың ең үлкен нарығы. Екінші тоқсанда оның үлесіне мұндай құрылғылардың әлемдік сатылымының жартысы – 1,5 млн-нан астам дана (жылдық көрсеткіштен +21%) келді.

Өткен жылы Қытайда жиналмалы смартфондардың жеткізілімі бір жыл бұрынғы 3,2 млн бірліктен 7,01 млн данаға өсті. Бұл ретте Huawei 37,4% үлесімен нарық көшбасшысы атанды.

Еске сала кетсек, 2023 жылы қытайлық смартфондар мен телекоммуникация жабдықтарын өндіруші Huawei Technologies соңғы төрт жылдағы рекордын жаңартқан. Технологиялық алпауыттың табысы бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 9,63% өсіп, 704,2 млрд юаньға (97,48 миллиард доллар) жетті.