Бірінші жартыжылдықта Болат Өтемұратовқа тиесілі ForteBank-тің пайдасы 30%-ға өсті
2024 жылғы қаңтар-шілдеде Болат Өтемұратовқа тиесілі ForteBank-тің пайдасы 30%-ға артты. Бұл туралы банктің қаржылық есебінде жазылған.
Алты айда қаржы ұйымы 74,7 млрд теңге табыс тапты. Былтыр осы кезеңде көрсеткіш 57,3 млрд теңге еді.
«Банктің активтері 16%-ға өсіп, 3,77 трлн теңгеге, міндеттемелері 17%-ға, 3,32 трлн теңгеге, капиталы 4%-ға өсіп, 446,7 млрд теңгеге жетті», – деп жазылған компания есебінде.
30 маусымдағы жағдай бойынша банк 1,6 трлн теңге (+16%) сомасында несие берді. Оның ішінде ірі бизнеске – 529 млрд теңге, ШОБ-қа – 491,7 млрд теңге, жеке тұлғаларға – 583,6 млрд теңге.
Банкте ашылған депозиттер бір жыл бұрынғы 2,2 трлн теңгеден өсіп, 2,4 трлн теңгеге жетті. 10 ірі клиенттің шоттарындағы қалдықтардың жалпы сомасы 362,6 млрд теңгені немесе клиенттердің ағымдағы шоттары мен депозиттерінің жалпы сомасының 14,72%-ын құрады.
Банктің пайыздық кірісі 246 млрд теңгеге жетті. Оның ішінде несие бойынша пайыздық кіріс 146,6 млрд теңгені құрады. Банктің пайыздық шығыстары 124,8 млрд теңге деңгейінде болды. Бұл тұста депозиттер бойынша пайыздық шығыстар 86,4 млрд теңгені құрады.
Нәтижесінде таза пайыздық кіріс 121,2 млрд теңгені құрады. Бұл 2023 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 39%-ға артық. Корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстар 7,1 млрд теңгені құрады.
Болат Өтемұратов – Қазақстандағы ең бай бизнесмендер тізімінде алтыншы орында. Оның байлығы 2,7 млрд долларға бағалады. Бұл ретте ол ForteBank акцияларының 83,41%-ына иелік етеді. Ал 7,5%-ы ұлы Алидар Өтемұратовқа тиесілі. Бұдан басқа ол KaR-Tel компаниясы (Қазақстандағы Beeline операторы), алтын өндіруші RG Gold, Астана мен Венадағы Ritz-Carlton қонақ үйлері, Мәскеудегі The Carlton, Rixos Borovoe компаниясы акцияларына ие.
Еске сала кетсек, ForteBank қарапайым акциялар бойынша дивидендтерге 58,2 млрд теңге немесе таза пайданың 46%-ын бөлу туралы шешім қабылдады. 2023 жылы Ұлттық банктің мәліметі бойынша ForteBank 126,7 млрд теңге табыс тапқан.