Қазақстандағы KIA зауытында Sportage пен Sorento модельдерін шығармақ

Жарияланды 10 Қыркүйек 2024 14:55

(жаңартылды 10 Қыркүйек 2024 15:22)
post.authors.0.name

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
KIA Sportage пен Sorento Қазақстанда шығарылмақ / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Қазақстандағы KIA зауытында Sportage пен Sorento модельдерін шығарады. Бұл туралы Kia Qazaqstan компаниясының бас директоры Ким Дэ Ки Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа баяндамасында айтты.

Kia Qazaqstan компаниясының бас директорының айтуынша, 2025 жылдың қазан айында зауыт іске қосылады. Бастапқы кезеңде автокәсіпорын Sorento моделін өндіруді жоспарлап отыр. Ал 2026 жылдың қаңтарынан бастап жаңартылған Sportage моделін шығара бастайды.

Айта кетейік, бүгін, 10 қыркүйек күні Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысындағы KIA автомобильдерін шығаратын зауыттың құрылыс алаңына барды.

Президенттің іс-cапары барысында KIA зауыты жылына 70 мыңға жуық автокөлік шығара алатыны туралы айтылды.

«Кәсіпорында жаңадан 1500 тұрақты жұмыс орны ашылады. Мұнда өндірістің тиімділігін арттыруға әрі экологиялық тұрғыдан зиянсыз етуге бағытталған технологиялық шешімдер қолданылады. Автоматтандырылған заманауи кәсіпорынның дәнекерлеу желісінде, автокөлікті бояу және құрастыру жұмыстарына 70 робот пайдаланылады. Жобаның құны 200 миллион долларды құрайды, оның 80%-ға жуығы тікелей шетелдік инвестицияның үлесінде», – делінген хабарламада.

Қостанай облысына жұмыс сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдің ауыл шаруашылығы әлеуетімен де танысты.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстандағы ең көп сатылған үздік – 10 автомобиль туралы жазған едік. Маусым айында ең көп сатылған үздік – 10 автомобильдің арасында Hyundai болды (3 522 бірлік: былтырғы маусыммен салыстырғанда -16,6% жоғары) бірінші тұр.

Маусымда аса танымал болған модельдер тізімінде Hyundai Tucson (1 884) көш бастаған еді. Екінші орын Chevrolet Cobalt-қа (1 440 бірлік) бұйырса, үздік үштікті жаңарған Kia Sorento (904 бірлік) түйіндеді.

Сондай-ақ оқыңыз